gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістанда «Әлиханның аманаты» спектаклі сахналанды

18 июня, 2022
in Мәдениет
0
Түркістанда «Әлиханның аманаты» спектаклі сахналанды
Share on FacebookShare on Twitter

17 маусым күні Маңғыстау облысының Түркістандағы мәдениет күндері аясында «Farab» кітапханасында Н. Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» реквиемінің көрсетілімі өтті. Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры сахналаған қойылымды Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тналиев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, Түркістан қаласы әкімі Н.Тұрашбеков қала тұрғындарымен бірге тамашалады.
Бұл туынды ұлт көсемі Әлихан бастаған алаш зиялыларының асқақ рухына және Алашорданың 100 жылдығына бағышталған. Қойылым қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған қыр баласы, елді еркіндікке жетелеген Әлихан бейнесі жайлы сыр шертеді. Қоюшы режиссері — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Еңлікгүл» кәсіби театр сыйлығының иегері Гүлсина Мерғалиева. Келуші көрермен қауым Маңғаз Маңғыстау өнерпаздарына алғысын ұзақ уақыт қол соғумен білдірді.
Аталмыш театр 2003 жылы ашылып, 2006 жылы ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрмұхан Жантөриннің аты берілді. Бүгінге дейін театр түрлі жанрдағы спектакльдерді сахналап, көрерменге ұсынып келеді. Шығармашылық ұжым көптеген республикалық және халықаралық театр фестивалдері мен байқауларға қатысып, жүлдегер атануда. Театр қоржынында 90-ға тарта үлкендерге арналған, 20-ға жуық балаларға арналған спектакль бар.

Previous Post

Отырарлықтар креативті экономикаға көше бастады

Next Post

«Түркістан дауысы» байқауы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz