gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысының дарынды балалары «iqanat» республикалық олимпиадасының ақтық сынына аттанады

20 июня, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысының дарынды балалары «iqanat» республикалық олимпиадасының ақтық сынына аттанады
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 21-25 маусымында елордаға еліміздің 164 ауданынан 36 мың бала арасында іріктеуден өткен «IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне 8-сыныптың 750 дарынды ауылдық оқушысы жиналады. Түркістан облысынан 98 ауыл оқушысы 750 оқушы арасынан топ жарып, үздік атану үшін бақ сынайды. Тиісті шара пандемияның екі жылынан кейін ашық офлайн сипатта өтеді және ҚР Үкіметі бекіткен Балалар жылын өткізу жөніндегі Шаралар жоспарына енгізілген.
Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымды офлайн олимпиаданы сапалы білім алуға жол ашу үшін «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастыруда. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы 4 жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Слет аясында іріктеудің ақтық кезеңдері өтіп, 100 жеңімпаз анықталады, қалған қатысушылар олимпиададан кейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылады.
«IQanat» олимпиадасы және Қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі — IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсу мүмкіндігін, озық үлгілі педагогтармен пікірлесудің баға жетпес тәжірибесін сыйлап, көкжиегін кеңейтеді және де жалпы өмір сүру деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады. Қор бағдарламаларының түлектері, яғни ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарынан табалдырығынан аттамақ.

Previous Post

Шардарада жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Next Post

Кентау қалалық мәслихатының әкімшілік-аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшілік тыңдауының ХАТТАМАСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz