gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мереке қарсаңында бақ қызметкерлері марапатталды

28 июня, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мереке қарсаңында бақ қызметкерлері марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Конгресс холл ғимаратында мерекелік іс-шара өтті. Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында ақпарат саласына еңбегі сіңгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен «Оңтүстік Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Нұрлан Кенжеғұлов, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан» телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева және «Айғақ» телеарнасының бас редакторы Ұлжан Наушабаева, ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен «Рейтинг» ақпараттық-сараптамалық апталығының бас редакторы Бақытжан Әбдірашұлы марапатталады. Сонымен қатар аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаты, Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің Алғыс хаты, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың Алғыс хаты және Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ БАҚ өкілдері арасында төрт жылда бір мәрте өткізілетін Республикалық спартакиадада топ жарған Түркістан облысының құрамасына арнайы Алғыс хат берілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Previous Post

«TURKISTAN» телеарнасы «тұмар» сыйлығын жеңіп алды

Next Post

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін комиссия қарауына өтініш қабылдау басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz