gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда «Армандар орындалады» акциясы жалғасуда

7 июля, 2022
in Қоғам
0
Түркістанда  «Армандар орындалады» акциясы жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында Балалар жылына орай түрлі мерекелік бағдарламалармен қатар «Армандар орындалады» акциясы да жүргізілуде. Аталған акция маусым айында алғаш рет өткен болатын. Акцияның мақсаты — мүмкіндігі шексіз, үйде оқытылатын балалардың қоғамнан тыс қалмауын қамтамасыз ету. Ұйымдастырушы, түркістандық ұстаз Әсел Бимырзаеваның айтуынша, тізімге алынған 10 бүлдіршіннің «Менің арманым…» деп басталатын хаттары жинақталады. Хаттар балалардың арманын орындауға ниет білдірген азаматтарға жеребе арқылы жеткізіледі. Бұл айда бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Сауран ауданынының әкімі Ғани Рысбеков секілді азаматтар атсалысты. Елорда күні қарсаңында акцияның тағы бір легі тәмамдалып, балаларға арнап концерттік іс-шара ұйымдастырылып, түрлі сыйлықтар табысталды. Қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың балаларға деген ізгі ниеті жазылған алғыс хаты табысталып, аниматорлар балаларға түрлі ойын ойнатты. Сондай-ақ і-шараға Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайқықызы, Түркістан қалалық депутаты Жәмила Сулейменова, Аманат партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Жақсыбекұлы қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Previous Post

Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

Next Post

Шұбардың шырайы арта түспек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz