ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев Шұбар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жылдың алты айында ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген аудан басшысы өнеркәсіп және инвестиция саласы бойынша қолға алынған бірқатар жобалармен таныстырды.
«Биыл Шұбарда инвестициялық құны 706 млн.тг құрайтын 4 жоба іске асырылады. Қазіргі таңда инвестициялық құны 211 млн.тг ЖК «Бибитжан» күйдірілген қыш өндіру зауыты жұмыс бастауда. Сондай-ақ, туризм саласын дамыту мақсатында инвестициялық құны 200 млн теңгені құрайтын «Темірші» демалыс аймағын құру жобасы қолға алынуда. Жоба толық іске қосылған жағдайда 50 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып, бір мезетте 100 қонаққа қызмет көрсетуге мүмкіндік болмақ.
«Батыс Европа-Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі жол бойы сервистік қызмет көрсету жобасы, «Ақ Орда» ЖШС Арыс өзенінің бойынан 0,1 гектар аумақтағы балық шаруашылығын дамыту жобасы, ЖК «Нұрлан» үй – шаруашылығы секторында калифорниялық қызыл шылаушынды 20 шаршы метр жерде көбейтіп, органикалық биогумус тыңайтқышты алу жобасы өз жемісін бере бастады», деді аудан әкімі есепті кездесуде.
Ауылда ауыл шаруашылығы саласында да көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Тарқатып айтар болсақ, «1-алқаптан 2-өнім алу» жобасы бойынша 30 шаруа қожалық иелері көкөніс, бау-бақша өнімдері егілсе, тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйелерін шаруашылықта қолданған «Үмбетұлы О» шаруа қожалығы 40 гектар жерге егілген жүгері дақылын осы әдіспен суғаруда. Жылыжай көлемін қосымша 2 гектарға ұлғайту көзделуде. Шаруаларға қажетті ағын суды іркіліссіз жеткізу мақсатында Бағлан каналына 4 км механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген.
Президентіміздің тапсырмасына орай Шұбар ауылында ортақ жайылымға 2021-2022 жылдар аралығында жеке-жеке 1854 га, 859 га жер қайтарылды.
Коммуналдық сала бойынша ауылда 4 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шұбар ауылы, Қазақстан көшесі, Береке ауылында мектепке баратын жол, ішкі көшелеріне жарықтандыру құралдарын орнату, Сарытоғай ауылының ішкі көшелеріне жарықтандыру құралдарын орнату, КХ-63 Бадам-Шұбар-Аққойлы-Қызыләскер-Қарабұлақ-Түлкібас облыстық маңызы бар жолын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ойын алаңшалары салынуда.
Табиғи газбен, ауыз су, электр жүйелерін жүргізу бойынша да ауылда құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Нәтижесінде ауыл шегіне, ондағы тұрғын үйлерге газ, ауыз су құбырлары мен электр бағаналары тартылған.
Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік салалар бойынша да ауылда ауқымды жобалар қолға алынуда. Атап айтар болсақ, облыстық бюджеттен 540 млн. 711 мың теңгеге Аққойлы елді мекенінен 100 орындық Ақбастау бастауыш мектебінің құрылыс жұмыстары басталды.
Аққойлы, Жусансай, Сарытоғай елді мекендерінен мемлекеттік жекешелік әріптестігі арқылы ФАП құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Мұнымен қатар, осы жылы ауыл округінен Мәдениет үйін салу жоспарлануда.
Аудан, ауыл әкімдерінің жұмысын бағалаудың басты көрсеткіштерінің бірі — тұрғындарды жұмыспен қамту және олардың өмір сүру сапасын арттыру болатын.
Бұл бағытта аудан әкімдігінің қолдауымен бірқатар кәсіпкерлік нысандар ашылып, ауыл тұрғындары жұмысқа орналасуда.
Есепті кездесуде Бағлан Дәнебекұлы мемлекеттік қолдаулардың басым бағыттарына тоқталып, ауылда іске асырылып жатқан жүйелі жұмыстарды көпшілікке егжей-тегжейлі бандап өтті.
Өз кезегінде аудан әкіміне кездесуге келген ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салып, тиісті, қанағаттанарлық жауап алды.