gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Тartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

26 июля, 2022
in Жаңалықтар, Спорт
0
Түркістанда «Тartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістандағы амфитеатрда «Tartyl fest» фестивалі өтті. Сайыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев пен жоба амбассадоры, жаттықтырушы Айтым Жақыпов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Dara» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен дүбірлі сынға 270-ке жуық адам қатысты. Олардың арасында 3 егіз спортшы да болды. Жарысты ұйымдастыруға Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» айрықша үлес қосты.
Жалпы түркістандықтар арасында турникке ең көп тартылу көрсеткіші 36 болды. Бұл көрсеткішке 18-30 жас аралығындағы үміткерлер сайысында бақ сынаған Қасымбек Нұржігіт қол жеткізді. 18 жасқа дейінгілер арасында Құдірет Әзретәлі, Шахизинда Берік және Рахматулла Мұстафа топ жеңімпаз болды. Оларға 200 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. 18-30 жас аралығындағы сайыста Зулқайнаров Жұмадулла, Қасымбек Нұржігіт және Әділов Досболат жеңімпаз атанды. Ал 30 жастан үлкендер арасындағы сында Орынтай Нұрболат, Жанғали Әлжанов және Ерболат Бимурзаевтың мерейі үстем болды. Сонымен бірге екінші және үшінші орын алған жалпы 18 спортшы марапатталды. Бірқатар қатысушыға арнайы марапаттар ұсынылды. Мүмкіндігі шектеусіз жан Данияр Мажитов пен сайыстың ең жасы үлкен үміткері Дадажан Сүлейменовке және ең жас қатысушы Надия Садықоваға арнайы сыйлықтар берілді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан 4 қатысушыға «Түркістан арена» стадионындағы жаттығу залына жылдық абономент берілсе, «Алаш прайдтың» Түркістан облыстық филиалы да екі үміткерге құрмет көрсетті. Жүлдегерлерді «Dara» дарындыларды қолдау қорының жетекшісі Нұрлан Қоянбаев бастаған азаматтар марапаттады.
Жалпы сайыста Түркістан өңірінің білекті, жүректі өрендері турникке 4575 рет тартылды. Алты жастағы баладан бастап 70 жастан асқан үміткерлер қатысқан дода 4 сағатқа созылды. Сайыстың 9 жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама алды. Ал ол сында жеңіске жетсе, Street Workout жаттығулары бойынша әлем чемпионатына қатысады. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық бәсеке танымал әнші Мирас Жүгінісовтің концертімен түйінделді.
Previous Post

Жетісай жүзімдері республикада жоғары сұранысқа ие

Next Post

Келесте құны 12 млн. долларды құрайтын күн электр станциясы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz