gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттамақ

24 мая, 2022
in Қоғам
0
Жетісайлық диқандар қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттамақ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс тіршілігі қайнап жататын өңірде шаруалар үшін еткен бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуы бірінші орында. Аудандағы Ынтымақ ауылдық округіндегі «Комилжон» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін көршілес Ресей еліне экспорттады.

«Шаруа қожалығымызға тиесілі 12 гектар жерге ақпан айында қырыққабаттың ерте пісетін «Пекин», «Магнус», «Зарисма» сортын ектік. Оның 2 гектар алқабына егілген 48-50 күнде пісетін «Пекин» қырыққабаты бүгін алғашқы өнімін беруде. 2 гектарға егілген 80 мың түп көшеттен өндірілген өнім көлемі 80 тоннаны құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыз мен төккен теріміздің толықтай ақталғанын білдіреді. Артылған қырыққабат Ресей мемлекетінің астанасы Мәскеу қаласына жөнелтілетін болады», — дейді «Комилжон» шаруа қожалығының төрағасы Комилжон Дадаев.

Жетісай ауданы ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Нұртас Тұрсынбековтың айтуынша, Жетісай ауданында биыл 900 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егіліп, болжам бойынша 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Егілген өнімнің басым бөлігі «Зарисма», «Валикор», «Магнус», «Кевин Фарао», «Пекин», «Ринда», «Заказ» сорттары. Былтыр аудан диқандары 1000 гектардан астам жерге қырыққабат дақылын егіп, 31,5 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген. Негізінен ерте пісетін қырыққабат өнімінің басым бөлігі Ресей, Белоруссия және Еуропа елдеріне экспортталады.

Айта кетейік, биыл ауданда 79 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады. Оның ішінде: 48,5 мың гектарға мақта, 19 мың гектар алқапқа бақша, 3,5 мың гектар жерге көкеніс дақылдарын егу жоспарлануда.

Previous Post

Жетісайда инвестиция көлемі артып келеді

Next Post

Жетісайда ауыл жастары жалғызбасты анаға үй сыйлады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz