gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түлкібас ауданына 17 млрд 850 млн теңгеге инвестиция тарту межеленіп отыр

25 мая, 2022
in Қоғам
0
Түлкібас ауданына 17 млрд 850 млн теңгеге инвестиция тарту межеленіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі жыл қорытындысымен былтыр 81 млрд 878 млн теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 250,8 млн теңгені құрап, облыс бойынша аудан көш бастады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт мәлімдеді.

Аудан басшысының айтуынша, былтыр ауданның негізгі капиталына 12 млрд 949,5 млн теңге инвестиция бағытталған. Ал 2022 жылы 17 млрд 850 млн теңгеге инвестиция тарту межеленіп отыр.

«Ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Аудан 99,8 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, биыл аудан халқын газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жуықтайды. Ауданда 2021 жылы 45,14 шақырым автомобиль жолы жөнделса, биыл 15,3 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда», — деді Нұрлан Мархабатұлы.

Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде ауданда 160,6 млрд теңгеден астам қаржыға 3 жобаны жүзеге асуы жоспарланған. Жобалар іске қосылғанда 3 057 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Олар: «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС тау-кен металлургия зауыты, «Nedro-Invest Proekt» ЖШС тау-кен металлургия комбинаты.

Previous Post

Түлкібаста жеміс-жидек сақтайтын қойманың құрылысы басталады

Next Post

Кентауда 846 оқушы мектеп бітірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz