gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Кентауда 846 оқушы мектеп бітірді

25 мая, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Кентауда 846 оқушы мектеп бітірді
Share on FacebookShare on Twitter

Қала әкімі Рашид Аюпов қаладағы №10 мектептің соңғы қоңырау кешіне қатысты. Білімділер мен дарындыларды тәрбиелеп шығарған білім ордасының ұстаздарына алғыс білдіріп, жас түлектерге сәттілік жолдады.
«Бүгін еліміздегі барлық мектеп қабырғасында қоңыраудың сыңғыр үні жас түлектер үшін соңғы рет соғылып, үлкен өмірдегі жаңа қадамдарына жолдама берілуде. Кентау қаласы осы сәтке дейін, білімі жағынан басқа өңірлерден әрдайым жоғары болып келеді. Алдағы уақытта, солай жалғаса беретініне сенем. Себебі, қаладағы білікті де білімді ұстаздардың арқасында бұл көрсеткіш төмендемейді. Алда келе жатқан Ұлттық Бірыңғай тестілеу науқанында ұстаздарыңыздың талай жылғы төккен тері мен еткен еңбегін ақтап, қаламыздың абыройын асқақтатуға бар күш-жігерлеріңізді салады деп сенемін. Үлкен өмірге жасайтын қадамдарыңыздың алғашқы сынағынан сүрінбей өтіп, ойлаған жоспарларыңыздың жүзеге асуына тілектеспін»,- деді қала әкімі.
Сондай-ақ, Рашид Абатұлы салтанатты шарадан соң жас түлектермен бірге мектеп ауласындағы аллеяда тал отырғызу шарасына қатысты. Онда мектеп бітірушілер өз тілектері жазылған қағазды талға қалдырып, үлкен өмірге қадам басу үрдісін көрсетті.
Жалпы, Кентау қаласында 2021-2022 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептерді 846 оқушы бітіреді. Оның 730-ы (86,2%) Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға ниет білдіріп отыр. Оқушылар арасында 72 бітіруші «Алтын белгіге», 39 бітіруші «Үздік аттестатқа» үміткер.

Previous Post

Түлкібас ауданына 17 млрд 850 млн теңгеге инвестиция тарту межеленіп отыр

Next Post

Түркістанға әлемге әйгілі компания өкілдері келіп, жаңартылатын электр көздерін дамыту барысын талқылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz