gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанға әлемге әйгілі компания өкілдері келіп, жаңартылатын электр көздерін дамыту барысын талқылады

25 мая, 2022
in Қоғам
0
Түркістанға әлемге әйгілі компания өкілдері келіп, жаңартылатын электр көздерін дамыту барысын талқылады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында жаңартылатын қуат көздерін қолдану және энергия үнемдеу бағытындағы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгін өңірге әлемге әйгілі компаниялардың басшылары мен өкілдері келіп, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен осы саладағы әріптестікті талқылады. Атап айтсақ, кездесуге БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш,«Eni» компаниясының Орталық Азия өңірі бойынша басшысы, «Аджип Каспиан Си Б.В.» компаниясының басқарушы директоры Лучано Васкес, «Arm Wind» ЖШС басқарушы директоры Алекс Стиллавато қатысты.
Облыс әкімі Түркістан өңірінде күн, жел және су электр станцияларын көбейту маңызды екеніне, жаңартылатын қуат көздері бойынша жобалар жүзеге асып жатқанын айтты.
– «Жасыл энергияны» енгізуге және Түркістан облысының әлеуметтік дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Өздеріңізге белгілі, жаңартылатын энергия көздері саласында Түркістан облысы айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие. Өңірде жалпы қуаты 220 МВт болатын 20-ға жуық жаңартылатын электр көздері нысаны жұмыс істейді. Облыс электр энергиясын импорттайтындықтан бұл саладаға баса мән берудеміз. Аймақта қуаты 1000 МВт болатын электр станциясы салынып жатыр. Осы бағытта сіздермен әріптестікті нығайтып, бірлесе жұмыс істеуге әрқашан дайынбыз, – деді Өмірзақ Шөкеев.
БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериш Түркістанның жан-жақты дамып келе жатқанын айтып, «Жасыл экономикаға» көшу, жаңартылатын энергия көздері технологиясын молынан енгізу маңызды екенін жеткізді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе маңызды жобаларды қолға алғанын атап өтті.
Кездесуде екі тарап әріптестікті нығайтып, қоршаған ортаға көмірқышқыл газын қысқартатын қуат көздерін кеңінен пайдалану технологиясын енгізу ісін жалғастыру жөнінде уағдаласты.
«Eni» компаниясы Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір «Eni» Түркістан облысы, Шәуілдір ауылының қасында қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын жүргізіп жатыр.
Previous Post

Кентауда 846 оқушы мектеп бітірді

Next Post

РЕФЕРЕНДУМ: Мәжіліс депутаттарының қатысуымен үгіт жұмыстарының екінші кезеңі басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz