gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төлебилік түрғын шәй шығарып, экономиканың дамуына үлесін қосып отыр

16 июля, 2022
in Қоғам
0
Төлебилік түрғын шәй шығарып, экономиканың дамуына үлесін қосып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Төлеби ауданының кәсіпкерлері мем­лекет тарапынан жүйе­лі ұйым­дастырылған қам­қорлықты сезіне бастады. Кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау білдіру, отандық бизнеске қолайлы жағдай туғызу мақсатында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарылуда.

Шағын және орта бизнес өкілдеріне жұмысын жандандыру бағытында қайтарымсыз грант пен жеңілдетілген несиелер берілуде.

Мысалы, жеке кәсіпкер Асқар Маратұлы 2021 жылы Түркістан облысының аймақтық үйлестіру кеңесінің конкурсына «Құрғақ шәйді фасовка жасау» жобасымен қатысып, 5 млн теңге грант ұтып алды.

«Көксәйек ауылдық округіндегі іс-сапар барысында аудан аумағы мен Шымкент қаласын, көршілес аудандарды құрғақ шәймен қамтып отырған шағын цехтың жұмысымен таныстым. Цехты іске қосқан жеке кәсіпкер Қалиев Асқат Маратұлы жұмыс орнымен таныстырып, 150 грамдық 140 қорап шай дайындайтындығын көрсетті»-дейді аудан әкімі Төлеген Телғараева.

Құрғақ шәйді фасовка жасаумен 3 адам айналысып, олар тұрақты жалақы алуда. Цехта күніне 30 кг шәй фасовкаға салынады. Үш түрлі құрғақ шәйді қорапқа салумен айналысатын цех шикізатты Тәшкент қаласынан арнайы алдырады. Фасовкаланған шәйлар ауданның сауда орындарына жеткізіліп, сатылымға шығарылуда.

«Мемлекет тарапынан бизнесті қолдауға арналған мүмкіндіктер туралы халықты жан-жақты ақпараттандыруды үнемі бақылауда ұстаймын. Халықпен кездесулерде, әкімдік отырыстары, жеке қабылдауларда кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жиі айтып жүремін. Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың қозғаушы күші ретінде танылуда. Сондықтан, бұл саланы дамыту бүгінгі күннің басты талабы дер едім»- дейді өндіріс орнымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараева.

Previous Post

Кентаудың туризмін дамыту мақсатында инвесторлармен меморандум түзілді

Next Post

Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері республикалық спартакиадада бильярдтан 1 орын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz