gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Төлебиде туризм саласынан түсетін табыс көбейіп каледі

27 мая, 2022
in Қоғам
0
Төлебиде туризм саласынан түсетін табыс көбейіп каледі
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы аумағында кәсіпкерлік және туризм саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Аумақтағы кіші және орта кәсіпорындардың саны 20 болса, оның 3-і орта, 14 –і шағын, 3-і қосалқы шаруашылықтар.

Тамақ өнеркәсібіндегі 7 кәсіпорын өнімдері көршілес аудандар, облыс аумағы мен Шымкент қаласының территориясына сатылымға шығады. Құрылыс материалдарын өндіруді қолға алған 4 кәсіпорын, жеңіл өнеркәсіп саласындағы 2 кәсіпорын жұмысы ретке қойылған. Машина мен құрал-жабдықтар шығару саласындағы 2 кәсіпорын, мұнай өңдеу саласындағы 1 кәсіпорын, электр қуатын жеткізуді қолға алған 3 кәсіпорын өнімдері әрдайым сұранысқа ие.

Мемлекеттің саяси жүйесіндегі өзгерістер өнеркәсіп саласының өркендеуіне өз әсерін тигізіп отыр. Көршілес елдерден келетін шикізат көлемі төмендеуіне байланысты бұл саладағы өнімнің азаюы орын алуда.

Ал, туризм саласы негізінде 140 нысан жұмыс істесе, оның 4-і емдеу-сауықтыру орталықтары, 71 демалыс аймақтары, 64 саяжай. Бұл саланы дамыту үшін мемлекеттен алғаш рет туристтік нысан иелеріне субсидиялар бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, «Туристік қызмет» Заңына сәйкес, аудан аумағына келіп тынығатын шетел азаматтарына жарна төлеу мөлшерлемесі бекітілді.

Туризм саласы арқылы ауданның имиджін қалыптастыру мүмкіндігі мол. Туристтер, демалушылар ауданда тынығып қана қоймай, мәдениет, әдет-ғұрып пен дәстүрлер жөнінде толық ақпарат алады. Сондай-ақ, бұл сала ауданның бюджетіне қомақты қаржы түсіріп қана қоймай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

Биылғы жылы аудан аумағында «Қасқасу» туристік – рекреациялық аймақтың құрылысы жалғасын тауып, «Шипабұлақ» демалыс аймағы кеңейтіліп, «Alma-Tau» таулы курортында қосымша қонақ үй мен спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі. Бұл жоба туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП -50-іне енгізілген.

Туризм саласын дамытуға бағытталған жұмыстар нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті күшейді. Нысандар пайдалануға беріліп, инфрақұрылымы жақсарды.

Төлеби ауданында былтыр өнеркәсіп өнімінің көлемі – 45,4 млрд. теңгені, инвестиция көлемі – 16,7 млрд. теңгені, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 55,6 млрд. теңгені құрады. Биыл 65 мың гектардан астам жерге егін егіледі. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 165 жоба іске асады. Былтыр ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 6 млрд. теңгені құрап, 31856 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 17 елді мекенде 33 жоба іске асырылған. 10 елді мекенде жалпы ұзындығы 47,7 шақырым болатын 28 көшеге асфальт төселген. 5 елді мекенге жаңа ауыз құбыры тартылып, 1 нысан пайдалануға берілді.

Previous Post

Республикалық штаб мүшесі тарихи белесте халықты бірігуге шақырды

Next Post

Түркістан облысында тұрғындардың 84% ревакцинацияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz