gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Сайрамда күздік бидайдан алынатын өнім көлемі екі есеге артуы мүмкін

22 июля, 2022
in Uncategorized
0
Сайрамда күздік бидайдан алынатын өнім көлемі екі есеге артуы мүмкін
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков Қарамұрт ауылдық округін аралау барысында бидай өсірумен айналысатын «Тажимат ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Қожалықтың басшысы Хадиметов Дильмурад. Өзіне тиесілі жер көлемі 40 гектар аумақты құрайды. Жеріне егілген бидай сұрыпы «Стекловидная-24». Жиын терім науқанында 40 центнер гектарынан күтілуде. Бүгінгі таңда шаруашылықтың 6 техникасы бар, қосымша 3 техника жалға алынған.

Жалпы алғанда, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар. Оның ішінде күздік бидай 17001 гектарды құрайды.

Былтыр ауа-райының қолайсыз болуына байланысты күздік бидайдан алынған өнім көлемі гектарына 8,5 центнер болды.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 20-25 күн ішінде астықты толық орып, жинап алады.

Аудан аумағында күздік бидайдың «Стекловидная-24», «Память-43», «Интенсивная», «Красноводопадская-23» және «Третикале» (Орда) сорттары егіледі.

Сондай-ақ, аудан әкімі Уласбек Садибеков Қарамұрт ауылдық округіндегі «Мехнат-21» өндірістік кооперативіне қарасты 2 өнім алынатын алқаптың жұмысымен танысты.
Аталған кооперативтің басшысы Тайжанов Абрордың сөзінше, жер көлемі 5 гектар аумақты құрайды. Бір жерінен бірінші өнімі 1000 бумаға жуық жоңышқа алынды. Екінші өнімі сүрлемдік жүгері егіліп, өсірілуде. Алдағы уақытта әр гектарынан 40 тонна көлемінде өнім алынатыны күтілуде. Ағын су және техника жеткілікті.
Аудан әкімі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдердің сапасы мен сұранысын, сонымен қатар өнімділікті арттыру бағытында жұмыстарды жалғастырудың қажеттілігін атап өтті.
Диханшылыққа арналған мемлекеттік қолдаулар және өзге де көмек түрлерін ұсынды.
Айта кетелік, аудан бойынша биылғы егілген дәнді бұршақты дақылдардың егіс көлемі 19 781 гектар болса, соның ішінде дәндік жүгері 260 гектарды құрайды.
Previous Post

Сайрамдағы агроқұрылымдар күзгі жиын-терім кезінде мол өнімге қол жеткізбек

Next Post

Түркістан облысында «Нәтиже» пилоттық жобасы іске асырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz