Бүгінгі таңда ерте пісетін пияздың егіс алқаптағы бағасы шамамен 200-230 теңгені құрап отыр.
Бұл өнім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына жатады. Тұтынушылардың сұранысы көп өнімнің бірі.
Осыған байланысты, аудан әкімдігінің мәжіліс залында Солтүстік, Қостанай, Петропавл, Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облысындағы пияз бағасын тұрақтандыру мақсатында кездесу өтті.
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Бекмұратов, басқарманың егіншілік бөлімінің бас маманы Сейітжан Әзбергенов, Сайрам, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, жоғарыда аталған облыстардың ауыл шаруашылығы басқармасы және әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басшылары, сонымен қатар пияз көкөнісін өсіретін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев қатысты.
Кездесу барысында аталған көкөністің қымбаттау себептері, кәсіпкерлерге келетін шығындар, яғни баға мен сатылымға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Кездесудің соңында жоғарыда аталған облыстардың өкілдерімен пиязды 160 теңге бағасымен сатып алынатыны туралы келісілді.



