gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақтық келіншек «бизнес бастау»-мен кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дамытуда

29 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақтық келіншек «бизнес бастау»-мен кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дамытуда
Share on FacebookShare on Twitter
Созақ ауылының тұрғыны Тоғжан Асқарбекқызы «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік негіздерін оқыту бойынша грант жеңіп алған еді.
Бүгінде ол «Togzhan cakes» кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның тәттілеріне тапсырыс берушілер де көп. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылында болып, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған Тоғжан Асқарбекқызының кондитерлік цехында болып, ондағы жұмыстармен танысты.
– Біз шағын кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген тұрғындарды қашан да қолдаймыз. Өзінің кәсібін шебер меңгерген Тоғжан қарындасымызға алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.
Тоғжан Асқарбекқызы кондитерлік өнімге ауыл тұрғындарынан, көршілес елді мекендер мен ауылдардан сұраныс көп екенін жеткізді.
— Әлеуметтік желіде арнайы парақшамыз бар. Кей күндері үлгере алмай жатамыз. Ең бастысы, кәсібім өзіме ұнайды. Әрбір тұтынушы тәтті бәліштің, ыстық тоқаштар мен мерекелік торттардың дәмді екенін білдіріп, алғыстарын айтқанда қуанып қаламын. Атам қазақ «алтын алма, алғыс ал» деген ғой. Мен үшін алғыстан асқан байлық жоқ, — дейді өзі.
Тоғжанның жолдасы Малохиддин Абламидов 2021 жылы грант ұтып алған. Сол уақыттан бері ағаш өңдеумен шұғылданады. Бүгінде оның ағаштан жасаған бұйымдарына да сұраныс көп. Абламид өз шеберханасында ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Previous Post

Түркістан облысында ТМД елдерінде баламасы жоқ бу-газды қондырғысының іргетасы қаланды

Next Post

Ордабасы ауданында дәнді дақыл мен мал азығы межеге сай жиналуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz