gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында дәнді дақыл мен мал азығы межеге сай жиналуда

29 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында дәнді дақыл мен мал азығы межеге сай жиналуда
Share on FacebookShare on Twitter
Бөген ауылдық округіндегі Мұрат шаруа қожалығы биыл 35 гектар суармалы алқаптың 30 гектарына мақта, қалған бөлігіне жоңышқа мен дәнді дақыл еккен.
Шаруашылық басқарушысы Роман Мәдібектің айтуынша биылға жүгері дақылынан гектарына 200 цн алу көзделген.
«Ағын судың былтырмен салыстырғанда уақытылы берілуі, табиғаттың шаруаларға жайлы болуы өнім көлемінің артуына сеп болды», дейді қожалық иесі.
Еліміздің күнгей өлкесінде жүгері дақылы негізгі бағалы мал азығының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, оның физикалық қасиетін жақсартатын дәнді дақыл.
Айта кетерлігі, биыл аудан бойынша 318 000 тонна мал азығын жинау жоспарланған. Қазіргі таңда 221 400 тонна (69 пайыз) жем-шөп жиналды. Оның ішінде 20 400 тонна сабан, 8 400 тонна пішендеме, 91 200 тонна табиғи шөп, 101 400 тонна жоңышқа алынған.
Алдағы тамыз, қыркүйек айларында жоңышқа дақылының 3-4 орымы басталып, сүрлемдік жүгері және сабан жиналса, жоспар межеден артық орындалмақ.
Previous Post

Созақтық келіншек «бизнес бастау»-мен кондитерлік өнімдер шығаратын орталық ашып, кәсібін дамытуда

Next Post

Түркістан облысында астық ору науқаны аяқталуға жақын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz