gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Ордабасылықтар мақта алқаптарынан мол табыс алмақ

19 июля, 2022
in Қоғам
0
Ордабасылықтар мақта алқаптарынан мол табыс алмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібек пен Жеңіс ауылдық округінің әкімі Марат Туреев Жеңістегі шаруа қожалықтарды аралап, агросектордағы өндірістің жай-күйімен танысты.

«Мирас» шаруа қожалығының мақта алабында болып, мақта қауызының уақытылы суарылу жайын көріп қайтты.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 68 094 гектар жерге егістік орналастырылса, оның 7122 гектарына мақта дақылы егілді. Орташа түсім 31,5 цн/га құрап, сатылымдағы өзіндік бағасы 600 тг болады деп жоспарлануда.

Ал, Жеңіс ауыл округі бойынша 3 736 гектар аумақ толық игерілген. Аталған аумақтың 890 гектарына мақта дақылын егу жоспарланса, қазіргі таңда 908 гектарына егіліп, 108 пайызды құрап отыр.

«Көктем айы басталысымен шаруаларда тыным жоқ. Біздің мақсат шаруаларға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау таныту. Сондай-ақ, жыл сайын жерді тиімді игеру, ауыспалы егістікті қолдау арқылы жерді тозып кетпеуден сақтап, еккен дәннен мол өнім алу. Заман талабына сай алынған техникалардың арқасында көктемгі жер жырту, тегістеу, себу және күзгі жиын-терін жұмыстарын межесінен бұрын аяқтауға мол мүмкіндігіміз бар», — деді салалық бөлім басшысы Әбілда Әлібек.

Previous Post

Өмірзақ Шөкеевпен кездесуге 500-ден астам адам келді

Next Post

Түркістандықтармен кездескен Ө.Шөкеев тың жобалармен бөлісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz