Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің қуатты болуы өңірлердің қуатты болуымен тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осы орайда 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуі айрықша маңызға ие. Облыс қайта құрылып, оның орталығы ретінде қасиетті Түркістан қаласы белгіленгенлі бері өңір тарихының жаңа кезеңі басталғандай. Осынау 4 жылдың ішінде, әсіресе, өңірдің экономикасы тың серпін, ерекше қарқынмен дамып, жаңа деңгейге көтерілді десек қателеспейміз.
Мұның дәлелі ретінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің барлығында түрақты түрде оң динамика байқалып отырғанын айтуға болады. Айталық, Түркістан облысы қайта құрылған 2018 жылы облыстағы жалпы өңірлік ішкі өнімнің көлемі– 1 триллион 750 миллиард теңгені құрған болатын. Облыс басшылығының содан бері де экономиканы дамыту бағытында атқарған жүйелі әрі нақты жұмыстарының нәтижесінде бұл көрсеткіш 1,6 есе өсіп отыр. Бүгінде Түркістан облысының жалпы өңірлік ішкі өнімінің көлемі 2 триллион 800 миллиард теңгегені құрайды.
Енді жалпы өңірлік ішкі өнімнің құрылымына тоқталар болсақ: Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының мәліметі бойынша, жалпы өңірлік ішкі өнім негізгі жетекші екі секторда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтерден құралған деуге болады. Олар: ауылшаруашылығы және өнеркәсіп салалары. Яғни, Түркістан облысы экономикасының негізін аграрлық сектор мен өнеркәсіп салалары құрап отыр деген сөз және облыс қайта құрылған 4 жылдың ішінде аталған екі салада да елеулі ілгерілеуді байқап отырмыз.
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының деректеріне жүгінетін болсақ, ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 4 жылдың ішінде 1,7 есеге, яғни, 70 пайызға өскен. Нақтырақ айтар болсақ, Түркістан облысында 2018 жылы ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 544 миллиард 300 миллион теңгені құраған болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 670 миллиард теңгеге жуықтаған. Ал, 2020 жылы короновирус пандемиясы орын алғанына қарамастан орнықты даму байқалып, облыста 740 миллиард теңгеге жуық ауылшаруашылығы өнімі өндірілген. Ал, 2021 жылғы экономикалық даму қортындыларының негізгі көрсеткіштеріне назар аударған кезде, өткен жылы Түркістан облысында 906 миллиард 500 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілгенін байқауға болады.
Түркістан облысы ежелден аграрлы өңір болып есептелгенімен, оның экономикалық дамуында өнеркәсіп саласының да алар орны ерекше. Ресми деректер Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есеге, яғни, 60 пайызға артқанын көрсетіп отыр. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2018 жылы облыста өнеркәсіп өнімінің көлемі 453 миллиард 800 миллион теңгенің көлемінде болған. Ал, өткен жылдың қортындысымен бұл көрсеткіш 707 миллиард 800 миллион теңгені құрап отыр.
Түркістан облысында өткен 4 жылдың ішінде экономиканың негізгі салаларының дамуы және салық базасының кеңеюі арқылы бюджетке түсетін жергілікті түсімдердің көлемі артқан. Жалпы, 2018 жылы облыс бюджетінің көлемі 565 миллиард 100 миллион теңгені құрайтын еді. Жоғарыда айтылған шаралардың нәтижесінде 4 жылдың ішінде бюджеттің шығыс бөлігі 1,7 есеге, яғни, шамамен 70 пайызға артып отыр. Осылайша облыс бюджетінің көлемі 970 миллиард 300 миллион теңгеге жетіп отыр.
Әрқашан өңір экономикасының дамуы бюджет көлемінің артуына жол ашады. Ал, өңір бюджетінің мүмкіндіктері кеңейген сайын халық үшін маңызды болып саналатын өзекті мәселелерді дер кезінде уақыты әрі сапалы шешіп отыруға мүмкіндіктер туындайды. Облыс орталығында ғана емес, барлық аудандар мен қалаларда әлеуметтік маңызға ие нысандардың көптеп салынуы, инжинерлік-коммуникациялық желілерге қатысты мәселелердің шешілуі мен инфрақұрылымның дамуы – осының бәрі облыс бюджетінің өсуінің нәтижесінде атқарылған жұмыстар десек қателеспейміз.
Нақтырақ айтар болсақ, Түркістан облысында 2021 жылдың қортыныдысымен 8 елді мекенде су құбыры қайта жаңартылды. Сондай-ақ, 20 елді мекенге жаңа ауыз су құбыры тартылған. Осының нәтижесінде 717 елді мекенде ауыз су мәселесі шешіліп отыр. Бұл Түркістан облысындағы барлық елді мекендердің 82,5 пайызында мәселе оң шешімін тапқан деген сөз. Егер халық саны бойынша саралар болсақ, аталған елді мекендерде 1 миллион 932 мың адам өмір сүреді. Я,ни, Түркістан облысы тұрғындарының 94,5 пайызы орталықтандырылған жүйе арқылы үздіксіз берілетін таза әрі сапалы ауыз сумен қамтылды деген сөз.
Ағымдағы 2022 жылы Түркістан облысының аумағында тағы қосымша 14 елді мекеннің су құбыры қайта жаңартылады. Сонымен қатар 13 елді мекенге жаңа ауыз су құбырын тарту жоспарланған. Бүгінде құрылыс жұмыстары кестеген сәйкес қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде жыл соңына дейінТүркістан облысында ауыз сумен қамту көрсеткіштері жақсара түсіп, барлы,ы 730 елді мекенге немесе 1 миллион 987 мың адамға жетеді деп күтілуде.
Жалпы, Түркістан облысы басшылығының бұл мәселені жүйелі түрде шешуге арналған нақты жоспары бар. Сол жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай Түркістан облысының аумағында орналасқан 841 елді мекенді толығымен, яғни, 100 пайызға ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Түркістан облысы экономикалық дамуының және бюджеттің мүмкіндіктері кеңеюінің тағы бір жарқын мысалын өңірді газдандыру жұмыстарының қарқынынан көруге болады. Облыста халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мұндағы түпкілікті мақсат Түркістан облысы тұрғындарының өмір сапасын жақсарту екені түсінікті.
Сонымен нақты шараларға тоқталар болсақ, бүгінде газ саласында 252 нысан пайдаланушы ұйымның теңгеріміне өткізілді. Облыстағы табиғи газбен қамтамасыз етілген елді мекендердің жалпы саны 457-ні құрайды. Немесе бұл облыстағы барлық елді мекендердің 54,3 пайызы көгілдір отынның қызығын көріп отыр деген сөз. Ал, тұрғындар саны бойынша алып өарайтын болсақ, өңірде 1 миллион 374 мың адам табиғи газ пайдаланады. Яғни, табиғи газдың игілігін Түркістан облысында өмір сүретін барлық тұрғындардың 67,2 пайзы көріп отыр деуге толық негіз бар.
Бірақ, Түркістан облысының әкімдігі мұнымен шектеліп қалмақ емес. Облыс аумағын газдандыру бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар одан әрі жалғасып, тұрақты түрде жүргізіле беретіні талассыз. Мәселен, биылғы 2022 жылы Түркістан облысында газдандыру бағытында тағы 50 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімдігі таратқан ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл 33 400 тұрғыны бар 15 елді мекен мен Шардара ауданының орталығы Шардара қаласындағы 4 шағын ауданды газға қосу жоспарланып отыр. Осынау жұмыстардың нәтижесінде, 472 елді мекен немесе онда өмір сүріп жатқан 1 миллион 407 мың адам көгілдір отынын пайдалануға мүмкіндік алады.
Соңғы жылдардың өзінде Түркістан облысының аумағында 14 автоматты газ тарату станциялары салынған. Оның ішінде 10 нысан толық қуаттылығымен жұмыс істеп тұр. Тағы 3 бірдей автоматтандырылған газ тарату станциясы биыл қосылады. Олар Келес ауданыдағы -Қызыләскер.Сауран ауданындағы — Ескі Иқан және Сарыағаш ауданындағы — Тоболин автоматты газ тарату станциялары. Сондай-ақ тағы 1-еуі (Шанақ) келесі жылы пайдалануға беріледі.
Жалпы 2025 жылдың қорытындысымен қосымша 250 елді мекенге газ құбырын тартып, газбен қамтамасыз етілуі 722-ге немесе 1 миллион 791 мың адам қамтылады. Демек, қамту көрсеткіші 87,6%-ға жеткізу жоспарлануда.
Түркістан облысындағы халықтың әл-ауқатын арттыпы, өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы үлкен маңызға ие жұмыстардың бірі ретінде халықты сапалы электрмен қамту жұмыстарын айтуға болады. Осы мақсатта 2021 жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылса, 2022 жылы қосымша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенер болсақ, 2025 жылдың қорытындысымен облыс бойынша 265 елді мекенде 358,9 мың тұрғынды сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі көлік инфрақұрылымының сапасы, яғни, автомобиль жоллдарының сапасы екені ешкімнің таласын тудыра қоймайды. Сондықтан бұл бағыттағы жқмыстар да назар аударуға тұрарлық деп есептейміз. Т.ркістан облыс бойынша автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 515,7 шақырымды құрайды. Өткен 2021 жылдың қорытындысымен 591 нысан немесе 1 189,1 шақырым жол пайдалануға беріліп, нәтижесінде, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының қанағатты жағдайдағы үлесі 79 пайыздан 87 пайызға дейін артты.
Сонымен қатар 2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 500 нысан немесе 1 349,2 шақырым жолдар мен көшелер қамтылады. Жалпы облыста қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Иә, жоғарыда айтқанымыздай, Түркістан облысының экономикалық дамуы облыс бюджетінің көбейіп, мүмкіндіктерінің кеңеюіне әсер етіп келеді. Ал, бұл өз кезегінде облыстағы әлеуметтік мәселелердің шешіліп, тұрғындардың әл-уақатының жақсарып, өмір сүру деңгейнің артуына себеп болуда. Сондықтан облыс басшылығы өңір экономикасының негізгі салаларын дамытуға бар мүмкіндіктерді жұмыылдырып отыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың 5 айында да тұрақты әрі орнықты даму көрсеткіштері сақталып, Түркістан облысы экономикасының барлық негізгі секторларында ілгерілеу байқалып отыр. Атап айтар болсақ, облыста қнеркәсіп өнімінің көлемі 316 миллиард 700 миллион теңгені құрап отыр.
Осынау маңызды көрсеткішті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыратын болсақ, ресми деректер бойынша, нақты көлем индексі 100,2 болып болып қалыптасқан.
Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін 2025 жылға дейін 1,5 есеге арттыру жөнінде нақты тапсырма бергені мәлім. Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған» орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының негізгі бағыттарының бірі ретінде өңдеу өнеркәсібі саласы таңдап алынған.
Түркістан облысында өнеркәсіпті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамытуда индустриалдық аймақтар ерекше рөл атқарып келеді. Өңірде жалпы 9 индустриялдық аймақтар бар. Облыс басшлығыны оның ішінде тиімділігі жоғары 3 индустриалды аймақты дамытуға .лкен назар ауждарып отыр.
Индустриалды аймақтардың басты ерекшелігі онда жаңадан кәсіпорын ашуды жоспарлаған инвесторлар үшін барлық жағдай жасалады. Біріншіден, мұнда жаңа зауыт-фабрика немесе цех салуға қажетті жер телімі тегін беріледі.
Екіншіден, бұл жерде кәсіпорын ашқысы келетін кәсіпкер тіркеу және заңдастыру мәселелері бойынша үлкен қиындық көрсмейді. Бұл мәселеде оларға индустриялды аймақтардың басқарушы компанияларының мамандары жан-жақты қолдау көрсетіп, кеңес беруге және көмектесуге әзір.
Үшіншіден, индустриялды аймақтарда инжинерлік-коммуникациялық желілер және инфрақұрылым жүргізілген. Яғни, индустриалды аймақтан кәсіпорын ашқан инвестор электр қуатын, табиғи газды, суды, кәріз жүйесін, автомобиль жолдарын және темір жол тұйығын жүргізу мәселелеріне аладамайды. Оған қоса Түркістандағы индустриалды аймақтарда кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар да ұсынылып жатыр.
Осы артықшылықтарды Түркістандық кәсіпкерлер мен сырттан келген инвесторлар кеңінен пайдаланып жатыр деп айтуға толық негіз бар. Бүгінде түркістан облысындағы индустриялды аймақтарда 44 жоба жүзеге асырылған. Яғни, мұнда 44 зауыт-фабрикалар мен цехтар жұмыс істеп тұр.
Бұл кәсіпорындардың арасында құрылыс заттартарын шығаратын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін, тамақ өнеркәсібі бағытында жұмыс істейтін, химия өнеркәсібі, металлургия, жиһаз өнідісі және өзге бағыттарда жұмыс істейтін компаниялар бар. Түркістан облысындағы индустриялды аймақтардың аумағында орналасқан ірілі-ұсақты кәсіпорындардың өндірген өнімі ішкі және сыртқы нарықтарда айтиарлықтай сұранысқа ие болып, өз тұтынушысын табуда. Осының өзі бұл кәсіпорындардың шын мәнінде бәсекеге қабілетті екенін, мемлекеттің өндіріс пен өнеркәсіпті қолдауға бағытталған шараларының барынша нәтижелі болып жатқанын көрсетіп отырғандай.
Жоғарыда аталған 44 кәсіпорынды ашуға жеке инвесторлар тарапынан жалпы жиынтығы 32 миллиард теңге көлемінде инвестиция құйылған екен. Инвестиция игіліктің бастауы дегендей, заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, уақыттың талабына сай нарықта сұранысқа ие болатын сапалы өнімдер шығарып жатқан бұл 44 зауыт-фабрикалар мен цехтарда 2 368 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұл индустриялы аймақтардың өңір экономикасын дамытуға тигізетін өзге мультипликативті әсерін айтпаған күннің өзінде 2 368 отбасының әл-ауқаты жақсарып, төлем қабілеті жақсарды деген сөз.
Ағымдағы жылы Түркістан облысының аумағында жалпы құны 4 миллтард 200 миллион теңгені құрайтын және 246 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 6 жобаны іске қосу жоспарлануда. Қазіргі таңда 793 миллион теңге инвестиция тартыла отырып 2 кәсіпорын іске қосылған.
Нәтижесінде 36 жұмыс орны құрылды. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемін 2022 жылдың қорытындысымен 751 миллиард 300 миллион теңгеге жеткізу жоспарлануда. Осының бәрі де қайта түлеген Түркістан облысында экономикалық даму орнықты түрде жалғасып, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жылдан жылға жақсара беретінін айшықтап көрсетіп тұрғандай.