gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады

31 июля, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобалармен танысты.

Бұл мақсаттарға 2022 жылы республикалық бюджеттен 16,4 млрд. теңге бөлінді. 105 ауылдық елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған 249 жоба жүзеге асырылуда.

Солардың қатарында Бәйдібек ауданы Ағыбет елді мекенінде Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары да бар.

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында екі мектепке жүргізіліп жатқан жөндеу, екі елді мекенді газдандыру, 6 көшені жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ұлттық экономика вице-министрі Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында болды. Онда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.

Б.Омарбеков Ақбастау ауылдық округі Жолғабас елді мекеніндегі мектепке жапсаржай құрылыс салу жұмыстарымен танысып, Ақбастау ауылындағы нысандарды аралады.

Жалпы, жұмыс сапары барысында Түркістан облысының ауылдық елді мекендерін дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімдері алдағы кезеңдегі жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ауылдағы проблемалар көтерелді. Аудан әкімдеріне ауыл тұрғындарының көтерілген мәселелерін шешу үшін бірқатар ұсыныстар берілді.

Previous Post

Қайта түлеген Түркістан

Next Post

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz