gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында мектепке жол акциясы басталды

1 августа, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында мектепке жол акциясы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мұқтаж жандарға көмек­тесуді, сондай-ақ демеу­шілік көмек көрсетуді қалайтын кез кел­ген тұрғын Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының байланыс орталығындағы +7(707)-684-71-00  телефон номеріне хабарласа алады.

«Өткен жылы «Мектепке жол» акциясының негізінде  4 мыңнан аса балаларға көмек көрсетілген болатын. Бүгінде көмекке мұқтаж ба­ла­­лардың тізімін дайындалып жатыр» — деді Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрлыбаев.

Спикердің сөзінше, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау үшін рейд жүргізілмек. Рейдтердің қорытындысы бойынша тізімдер жасалады. Бұл тізім білім беру органдары мен демеушілерге беріледі.

Сонымен қатар, акция кезеңінде сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады.

Брифинг барысында, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Ғалия Әмірәліқызы тізімдер ата-аналардан келісімімен жасалатынын және оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» ұранымен өткелі отырған акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асады.

Previous Post

Түлкібаста астыққа орақ түсті

Next Post

Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz