gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түлкібаста астыққа орақ түсті

1 августа, 2022
in Қоғам
0
Түлкібаста астыққа орақ түсті
Share on FacebookShare on Twitter
Шаруалар үшін биыл ауа-райы қолайлы болды. Көктемгі жаңбыр молынан жауып, егін бітік шықты. Шаруалар мемлекет тарапынан берілетін жанар жағар май мен тыңайтқыштарды жергілікті әкімдіктен дер кезінде алып, жерді құнартып күзгі жиын — терім кезінде мол өнімге қол жеткізіп отыр. Ауданымыз таулы, сулы өңірде орналасқандықтан дәнді дақылдар, бау бақша, жеміс жидектерді өсіруге мүмкіндігі мол. Осыны білетін аудан шаруалары көктем мен күз мезгілдерінде әрбір күнді дұрыс пайдаланып, күн-түн демей адал еңбек етіп, нәпақасын жер анадан тауып жүр.
Осы мақсатта біз Жаскешу ауылындағы «Елена К» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен егін орағы науқанында жолығып, жұмыстарымен таныстық. Өндірістік кооператив басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты О.Көлбаев басқаратын ұжымда 37 мүше бар. Кооперативтің жер көлемі 124 гектарды құрайды, оның 100 га бидай, қалғанына жоңышқа егілген, егін науқанына қажетті техникамен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар техниканың тілін білетін мамандарда бар және егінді сақтайтын қоймада бар.
Сонымен қатар жұмысшыларға жұмыстан кейін еркін тынығуына арналған ас ішу, тынығу, жуыну бөлмелерде замануи үлгіде жасақталған. Өткен жылы ауа-райының қолайсыздығынан өнім өте төмен деңгейде жиналды. Биылғы өнім бойынша әр гектарынан 25-28 центнерден алып отырмыз. Алдағы күндері астықты толық орып, уақытылы жинап алуды көздеп отырмыз. Кооператив алдағы уақытта суғармалы жерлерді тиімді пайдаланып, бақша өнімдерін егуді жоспарлап отырмыз-дейді кооператив басшысы О.Көлбаев.
Previous Post

Қазығұртта астық түсімі молайды

Next Post

Түркістан облысында мектепке жол акциясы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz