gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды

3 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда алғашқы көпқабатты үйлер газға қосылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Кентау қаласы Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан он көпқабатты 60 пәтерлі тұрғын үйлер газға қосылуға дайын. Бүгін қала әкімі Рашид Аюповтың қатысуымен көпқабатты тұрғын үйлердің газ тарату шкафтарын газбен толтыру жұмыстары іске қосылды. Енді әр пәтер тұрғындары «КазТрансГаз Аймақ» АҚ «Кентау Газ Шаруашылығына» барып дербес шот ашу арқылы үйлерін газға қоса алады.
— Газды құбырларын жасаған мердігер жеке-жеке қосады. Ол үшін әр пәтер тұрғындары үйде болу керек. Газға қажетті пеш дайын болуы қажет. Мамандар әбден тексеріп, қосуға дайын деген кезде кезең-кезеңімен пәтерлерді қосамыз — деді Түркістан облысы бойынша «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының директоры Ержан Балабеков.
Қазіргі таңда Кентау қаласы табиғи газбен қамтылып, қала аумағында тұтынушы санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-на 2063 абонент тұтынушы техникалық шарт алу үшін өтініш берген. Қалада 200-ден аса абонент газбен қамтылған.
— Өте қуаныштымыз. Үйіміздің маңайына газ келді. Қала басшыларына рахмет! Айтқан уәделерін орындады. Енді құжаттарымызды дайындасақ, үйімізге газ қосылады. Жолымыз да салынды, — дейді Ш.Уәлиханов көшесінің тұрғыны Орынкүл Жолдыбай.
Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың ІІ кезеңі нысанында қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Оны биыл тамыз айының соңында аяқтау жоспарланған.
Previous Post

Түркістанда «Zhas project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр

Next Post

Түркістан облысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz