gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Заңсыз тасымалға қарсы күрес күшейтіледі

8 августа, 2022
in Жаңалықтар, Заң
0
Заңсыз тасымалға қарсы күрес күшейтіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Заңсыз тасымалдаудың өршуінен өңірде жол-көлік оқиғалары көбейіп, тас жолдар жарамсыз күйге түсіп жатыр. Айыппұл төлеумен шектелген көлік жүргізушілерінің жұмысын қадағалау үшін өңірде арнайы рейд шаралары өтеді. Облыс аумағындағы заңсыз тасымалмен күрес және жол саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды.
– Заңсыз тасымал, жолаушылар қауіпсіздігіне қатысты шағымдар көбейді. Әсіресе «Алфарьд» көлігіне сын-ескертпе көп. Жол полициясы мен көліктік бақылау инспекциясы тарапынан олардың бәрі тексерілуі тиіс. Жолдың сапасын бұзатын ірі жүк көліктеріне де қадағалау күшейтілсін. Әр карьер маңында жүктің салмағын өлшейтін таразысы болуы керек. Жолаушылардың қауіпсіздігі, жолдың сапасы бойынша рейдтер жалғасқаны жөн, – деді Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимовтың баяндауынша, биыл автожолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 92% жеткен. Ал облыстық маңызы бар 200 шақырым жол ауыр жүк көліктерінің белгіленген талаптан асыра жүк тасымалдауын салдарынан мерзімінен бұрын жарамсыз жағдайға түсіп отыр. Тағы 865 шақырым жолдың мерзімінен бұрын жарамсыздану қаупі бар.
Аталған жолдардың басым бөлігі Сайрам, Ордабасы, Арыс, Қазығұрт, Сауран аудандарында орналасқан. Жыл басынан бері жүргізілген рейдтік іс-шараларының нәтижесінде жалпы 151 млн. теңгеден астам айыппұл салынған. Ауыр салмақты көліктердің қозалысын реттеу мақсатында жол белгілері қойылып, тиісті шаралар жасалуда. Мәселе бақылауға алынып, жұмыс күшейтіледі.
Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы тарапынан жасалған талдау көрсеткендей, Түркістан облысында жұмыс атқартын 160 карьердің 20-сында ғана таразы бар. Ал қалған 140 карьерде бақылау-өткізу пункттері, жөнелтілетін және келіп түсетін жүктің сапасы мен массасын анықтауға мүмкіндік беретін таразы және басқа жабдықтары жоқ. Ендігі кезекте өзеннен тас таситын ауыр салмақты автокөліктер де жаппай тексеріледі. Карьердегі салмақ өлшейтін таразының орнатылуы қатаң қадағаланады. Заң бұзушылықтарға жол бергендердің ісі құзырлы органдарға өткізіледі.
Previous Post

Түркістан облысында бақша өнімдері 40 есе артық өндірілді

Next Post

«Ауыл – ел бесігі» арқылы 105 елді мекенде жобалар жүзеге асырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz