gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Түркістан облысында аз қамтылған отбасыдан шыққан 52 мыңнан астам бала мектеп формасымен қамтылады

9 августа, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Түркістан облысында аз қамтылған отбасыдан шыққан 52 мыңнан астам бала мектеп формасымен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі күні мектеп формасына қатысты ел ішінде әртүрлі әңгімелер айтылып жатыр. Тіпті, әлеуметтік желіде атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасы берілмейтін болды деген ақпарат та тарап жатыр. Бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы аталған мәселелерге жауап берді.
«Облыста атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан кепілдендірілген әлеуметтік пакетімен қамтылған 6-18 жастағы 52660 баланы мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1 857,6 млн. теңге қажеттілігі туындаған болатын. Аталған мәселе шешімін тапты. Бүгіннен бастап барлық мектептер ата-аналардан өтініштерді қабылдауды бастайды. Ата-аналар атаулы әлеуметтік көмек алатындығы туралы құжаттарды береді. Соған сәйкес біз олардың арнайы есеп шоттарына ақшаны аударып береміз», — деді ол.
Биылғы жылы Түркістан облысының оқушылары қара көк түсті форма мен ақ көйлек киеді. Сондай-ақ, ата-ана белгілі бір кәсіпкерге немесе дүкенге байланып қалмай өз жағдайына қарап кез келген жерден мектеп формасын ала алады.
Сондай-ақ, Дінислам Болатханұлы кәсіпкерлер мен қала тұрғындарын «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Previous Post

Түркістанда аз пайызбен несиелендіру 2 есеге артты

Next Post

Мақтааралда бақшадан 250 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz