gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда бақшадан 250 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өндірілді

9 августа, 2022
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
Мақтааралда бақшадан 250 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өндірілді
Share on FacebookShare on Twitter
Қазіргі таңда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында қауын-қарбыз бизнесінің қайнап тұрған кезі. Аудан шаруалары өз өнімдерін еліміздің ішкі нарығымен қатар, экспортқа шығаруда. Күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, сондай-ақ, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартып жатыр.
Биыл диқандарымыз 14 607 гектар жерге бақша дақылын еккен. Оның ішінде 3 332 гектар жерге пленкалы қауын, 362 гектар жерге пленкалы қарбыз, 10 643 гектар жерге ашық қауын және 270 гектар жерге ашық қарбыз егілген. Қазіргі таңда бақшадан жалпы көлемі 250 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімі өндіріліп, оның 80 пайызы шет мемлекеттерге экспортталды.
«Жиенбет», «Валеть» сияқты сорттарының дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімді. Яғни, ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сыяды. Дәмі тіл үйіретін жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары мақтааралдық диқандар үлкен табыс тауып, күллі Ресей мен Еуропаның нарығын жаулап алды. Сондай-ақ, бәсекелестік ортада жерлестеріміз Өзбекстан мен Түркіменстан елдеріне де дес бермей келеді.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, кафе, автотұрақ, бассейн кешені, қосалқы бөлшек дүкені және көкөніс сақтау қоймасынің қызметтері қарастырылған.
Previous Post

Түркістан облысында аз қамтылған отбасыдан шыққан 52 мыңнан астам бала мектеп формасымен қамтылады

Next Post

Жолдар жөнделіп, жарықтың жағдайы жақсарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz