gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентау қаласының әкімі тағайындалды

11 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентау қаласының әкімі тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Тасов Жандос Қалмырзаұлы тағайындалды.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентаудың жаңа басшысын қалалық мәслихат депутаттары мен қала активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Өз өтініші негізінде жұмыстан кеткен Рашид Аюповқа өңірді  дамытудағы еңбегі үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ облыс әкімі жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жұмысты жандандыруды жүктеді. Өмірзақ Шөкеев жаңа әкімге Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді дер кезінде әрі тиімді жүзеге асыруға баса назар аударуды тапсырды.

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2013 жылы “Градкомплекс” ЖШС архитекторы болып бастаған. 2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығы Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімнің басшысы лауазымын атқарды. 2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген.

Previous Post

Денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты call-орталық ашылды

Next Post

Түркістан облысында 22 елді мекеннің халқы «көгілдір отынның» қызығын көре бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz