gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыстық жігіт салмағы 43 келі болатын қошқарды 1111 рет көтерді

11 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыстық жігіт салмағы 43 келі болатын қошқарды 1111 рет көтерді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы, Арыс қаласында қала күні мерекесі өтті. Аталған шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, салауатты өмір салты насихатталған шарада қала жастарымен бірге Шымкент қаласы, Қазығұрт және Ордабасы ауданының жастары қатысты.

Спорттық сайыстардың ішінде көпшіліктің назарын аударғаны «Қошқар көтеру» сайысы болды. Қатысушылар арасында өзінің мықтылығын дәлелдеп, салмағы 43 келі болатын қошқарды 1111 рет көтерген Азамат Мақұлбеков бас жүлдені иеленді. Ал, қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архат екінші орынды, 150 рет көтерген Данияр Айтбек үшінші орынды иеленді.

Жарыс жеңімпазы Азамат Мақұбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Бір қызығы, ерлерден соң қошқар көтеру кезегін алған арыстық Әділ Ақнұр есімді ару тіпті, бірқатар жігіттерді шаң қаптырып, 64 рет көтерді. Келушілерді таңқалдырған жігерлі аруға да арнайы сыйлық табыс етілді.

Сол сияқты барлық спорт түрінен жүлделі орын алған қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, олардың бәріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды.

Previous Post

Ирандықтар Түркістан өңірімен іскерлік байланысты нығайтуға мүдделі

Next Post

Денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты call-орталық ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz