gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ирандықтар Түркістан өңірімен іскерлік байланысты нығайтуға мүдделі

11 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ирандықтар Түркістан өңірімен іскерлік байланысты нығайтуға мүдделі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді. Азиядағы ірі мемлекеттің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдымен елшіге Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті, экономикалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері таныстырылды.
– Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты одан сайын нығайтады деп сенемін. 2018 жылы 18 маусымда Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласының облыс орталығы атануы шаһардың дамуына, инвестиция тартуына серпін берді. Өткен жылы облысқа тартылған инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал жалпы облыс құрылғалы бері инвестиция көлемі 5 млрд. АҚШ долларына жетті. Өңіріміз индустриалды-аграрлы аймақтар қатарына кіреді. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда облыс еліміз бойынша екінші орында тұр. Уран қоры бойынша – бірінші орында. Туризмді негізгі табыс әкелуші салаға айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облысқа 1,5 млн. саяхатшы келді, өңірге келушілер санын 5 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ирандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаруға, оларға мүмкіндіктер ұсынып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деген Арман Сабитов Иранда тұратын ясауитанушы ғалымдарды Қожа Ахмет Ясауиді зерттеу бағытында Түркістанда өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды.
Өз кезегінде Иран елшісі жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында 21 маңызды құжатқа қол қойылғанын, екі мемлекет арасында байланыс жаңа сатыға көтерілгенін атап өтті. Түркістан қаласындағы заманауи құрылыстарға жоғары бағасын беріп, осы өңірмен байланысты күшейтуге мүдделі екенін айтты.
– Түркістан қаласына кеш түсе келсем де, шаһардың біраз бөлігін аралап үлгердім. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында болғам. Түркістанның өзіндік ерекшелігі бар екен. Иран мен Қазақстан өзара тауар айналымын 3 млрд. долларға жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі таңда ол көрсеткіш – 400 млн. АҚШ доллары көлемінде. Қазақстанның бірқатар өңірімен байланыс орнатылып, жұмыс жүріп жатыр. Енді Түркістан облысымен де іскерлік, экономикалық, мәдени қарым-қатынасты жандандырғымыз келеді. Иран инвесторларымен кездестіруге, іскерлік басқосулар ұйымдастыруға дайынбыз. Түркістанда өтетін форумдар, көрмелер мен жиындарға да делегациялар жіберіп тұра аламыз. Әсіресе ауыл шаруашылығы, кен игеру бағыттарында Иранның тәжірибесі бар. Мәселен біз жүгеріні Бразилиядан импорттаймыз. Сол дақылды Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында өсіріп, сатып алуға болады. Қазір Қазақстанның жүгерісі тек ішкі нарықтарыңызға ғана бағытталып отыр. Жалпы Иран – үлкен нарық. Ол нарыққа ену сіздер үшін де тиімді екені анық. Түркістанмен тікелей әуе рейсін орнату мәселесін де талқылауға болады, туризм саласы бойынша да әріптестік орнатуға мүмкіндік мол, – деді Маджид Самадзаде Сабер.
Previous Post

Төлебиде мақсары ору науқаны басталды

Next Post

Арыстық жігіт салмағы 43 келі болатын қошқарды 1111 рет көтерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz