gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мұқтаж балаларға мектеп формасын алуға көмек көрсетіледі

15 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мұқтаж балаларға мектеп формасын алуға көмек көрсетіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде мектеп формасы бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мектеп формасы кімдерге берілетіні туралы айтты.
«Жаңа оқу жылына әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын (52 мыңнан астам) мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, ыстық тамақ пен жазғы демалысқа да қаржы қаралды. Сондай-ақ, көп балалы, жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балалар да көмексіз қалмайды. Олар үшін арнайы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 млн 309 мың теңгеге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілді. Атап өтер жайт, акция шеңберінде көп балалы отбасылардың барлық балаларына мейлінше көмек көрсету көзделіп отыр», – деді басқарма басшысы.
Дінислам Болатханұлының мәлімдеуінше, 7 534 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 265,7 млн теңге шілде айында бөлінген. Ал 45 126 балаға 1,6 млрд теңге тамыз айында бөлінді.
Сонымен қатар, облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр балаға мектеп формасына 35 275 теңгеден және мектепке керекті құралмен қоса есептегенде жалпы 37 389 теңге беріледі.
Айта кетейік, мектеп формасына өтініш бала оқитын мектептің директорына өз санатын белгілей отырып жазылады. Мектепте құрылатын комиссияның қарауы негізінде ақша баланың ата-анасының есеп шотына аударылады.
Еске салсақ, «Мектепке жол» акциясы 1 тамыздан басталып, осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал демеуші болуға ниетті жандар Басқарманың +7(707)-684-71-00 байланыс телефонына хабарласа алады.
Previous Post

Баға тұрақтылығы бақылаудан түспеуі керек

Next Post

Түркістан облысында жыл басынан бері 400 мың шаршы метрге жуық баспана берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz