gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Баға тұрақтылығы бақылаудан түспеуі керек

15 августа, 2022
in Қоғам
0
Баға тұрақтылығы бақылаудан түспеуі керек
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында күн тәртібіне сәйкес, бөлім басшыларының атқарылған жұмыстары бойынша баяндамалары тыңдалды.
Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мен Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшылары берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып өтті.
«Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Талғат Алпысбайұлының мәлімдеуінше қазіргі таңда қалада жалпы 12 әлеуметтік дүкен, 30 әлеуметтік бұрыш бар.
Шаһардағы кәсіпкерлік нысандарда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын 15 пайыздық үстемеден асырмай сату бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 15 пайыздан асырып сатылған жағдай анықталған дүкендерге хаттама түзіліп, екінші рет қайталаған жағдайда айыппұл төленетіні ескертілуде.
Одан бөлек, бөлім басшысы облыс орталығына тартылған инвестиция көлемі бойынша айтты.
Биыл шаһарға 298, 2 млрд инвестиция тарту жоспарланған. Оның бүгінде 130,1 млрд теңгесі жүзеге асырылған. Бұл өткен жылдың жеті айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 111,6 млрд-тан (2021 жылдың 7 айдағы көрсеткіші) 130,1- ге көбейген.
Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 60 жәрмеңке өткен. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағы бағадан 20% төмен бағамен сатылған.
Шекер бағасын тұрақтандыру мақсатында тікелей зауыт бағасымен
229 тонна шекер жеткізіліп, 56 сауда
орынына таратылды. Қазірде шекер 10% үстемақымен сатылымға қойылған.
Сонымен бірге нан бағасын тұрақтандыру үшін, «Яссы құрылыс» «INSAF LTD», «Абдрахманов Ө», «Абдрахманова У» , «Уримбаева С» жеке кәсіпкерлік нысандарымен келісім шарт жасалды. Нәтижесінде аталған нысандарға қарасты наубайханаларда нан 85-90 теңгеден сатылуда.
Баяндаманы тыңдаған шаһар басшысы баға тұрақтылығын бақылаудан түсірмеуді ескертіп, жұмыстарды ширатуды тапсырды.
Previous Post

Жетісай ауданының экономикасы орнықты дамуға бет алды

Next Post

Мұқтаж балаларға мектеп формасын алуға көмек көрсетіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz