gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрамда үш жолда басталған күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда

18 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрамда үш жолда басталған күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда
Share on FacebookShare on Twitter
Жалпы ұзындығы 18,8 шақырымға, ені 7 метрге жуық арақашықтағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Көлкент-Ақсуабад-Манкент» автокөлік жолы күрделі жөндеуден өтуде. Құрылысы осы жылдың наурыз айында басталған. Нысан өтпелі болғанымен, биыл қыркүйек айына құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ескі асфальт алынып, жолға жаңа асфальт төселуде.
Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар КХ-36 «Аксу-Көмешбұлақ» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Автокөлік жолының ұзындығы 7 шақырым болса, ал ені 6 метр.
Аталған жол Ақсукент ауылындағы Жібек Жолы көшесінен басталып, Ы.Иманалиев көшесі арқылы Әйтеке би ауылына дейінгі арақашықтықты құрайды. Мердігер мекеме биыл 11 тамызынан бастап жөндеу жұмыстарына кіріскен болатын. Аталған нысан 2023 жылға өтпелі.
Ағымдағы жылы жолдың күрделі жөндеуден өтуіне қаралған қаржылар есебінен бірқатар жұмыстар атқарылды. Жол бетіндегі ескі асфальт алынып тасталды. Орнына шағал тас төсеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар КХ-40 «Аксу-Манкент-Жібек-Жолы» автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Автокөлік жолының ұзындығы 13,033 шақырымды құрайды.
Аталған жол Ақсукент ауылынан Манкент ауылы арқылы Сихым ауылынан Жібек-Жолы ауылына өтеді. Ағымдағы жылы қарастырылған қаржыларға жоспарланған жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Құрылыс жобасына сәйкес, жолдың 3,5 шақырым көлеміндегі бөлігіндегі ескі асфальт алынып, қайта тас төсеу мен асфальттеу жұмыстарына дайындық жұмыстары басталды. Жолдың екі жағындағы тозығы жеткен, ескі ағын су құбырларын ауыстыру жоспарланған.
Жоғарыдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырған мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС-і. Олардың ішінде екі нысанның құрылыстары 2023 жылға өтпелі.
Осы жұмыстарға 10 жүк көлігі және арнайы техникалар жұмылдырылған. Нысан құрылыстарына 16 жұмысшы қамтылған.
Previous Post

Халықтың әл-ауқатын көтеруде шағын және орта бизнестің маңызы ерекше

Next Post

Тігін тігіп, табыс табуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz