gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тігін тігіп, табыс табуда

19 августа, 2022
in Қоғам
0
Тігін тігіп, табыс табуда
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының тұрғыны Гүлгүл Ташпенова мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамай, тігін тігумен айналысады. Ол қазір ұзатылатын қыздарға арнап көрпе, құрақ көрпеше тігуде. Шебер бұл бұйымдарға қажетті ою-өрнектерді базардан сатып алады екен. Айтуынша, өзінде мұндай ою-өрнектерді тігетін арнайы тігін машинасы жоқ. Сондықтан, дайын өнімді алуға мәжбүр. Оның арманы ою-өрнек тігетін арнайы тігін машинасына қол жеткізу. Осы мақсатта мемлекет тарапынан берілетін грантты иелену үшін тиісті мекемелерге құжаттарын тапсырыпты. Құдай қаласа, бұл да бұйырып қалар…

— Мен қандай тапсырыс түссе де қабылдаймын. «Мұны жасай алмаймын» демеймін. Мемлекеттен тарапынан берілетін грантты ұтып алсам, үлкен тігін машинасын да сатып алып, кәсібімді кеңейте түсер едім.

Өздеріңіз көріп отырған мына оюларды базардан сатып алудамын. Оларды матаға жапсырып, тігіп шығамын. Егер өзімде сол ою жасайтын аппарат болса, қалаға барып, ою сатып алып жүрмейтін едім. Оюдың бәрін өзім ойып, осындай керемет дүниелер шығаратын едім, — дейді кейіпкеріміз.

Гүлгүлдің жеті жасар қызы да тігін тігуді үйреніп жүр екен. Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков биыл мемлекет тарапынан берілетін грантқа 50 адамның құжат тапсырғанын айтады. Жыл басынан бері он адамға грант беріліпті.

— Мал шаруашылығын дамытамын, тігін цехын ашамын немесе тағы басқа кәсіпкерлікті ары қарай кеңейтемін деушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде, — дейді ол.

Биыл Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыта түсу мақсатында өз жобасын ұсынған 3 мыңға жуық азаматқа қайтарымсыз грант беріледі деп жоспарлануда. Олардың арасында Гүлгүл секілді мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамай, қандай кәсіп болса да оны дөңгелетіп алып кетуге құштар болып отырған жандардың да бар екенін айтқымыз келеді.

Previous Post

Сайрамда үш жолда басталған күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алуда

Next Post

Түркістан облысында жаппай мектеп жәрмеңкесі өткізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz