gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді»

22 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді»
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен көлік комитетін бөлек шығарған жөн. Қоғамда жиі көтеріліп жүрген осы бастаманы жол саласында 40 жыл қызмет еткен Дәуітхан Шораш та құптап отыр. Жолшы- ардагердің айтуынша, еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне шамадан тыс «жүк артылған». Атап айтсақ, индустриялық-инновациялық даму, көлік және логистика, оның ішінде азаматтық авиация, тау -кен саласы, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсібі, құрылыс индустриясы т.б салаларды қамтиды. Мұның бәрі бір министрлікке өте ауыр.

«Мысалы, білім және ғылым министрлігін екіге бөлді ғой. Өйткені, Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектеп пен 10 мыңнан аса балабақша, ондағы 5 млн.ға жуық баланың мәселесі -бір бөлек, жоғары оқу орындарының контингенті мен ғылымды реформалау — жеке дара көңіл бөлетін мәселе екенін ұқты. Сол сияқты жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді. Бұған қосымша ресурс, штат керек емес. Дайын комитеттің еншісін берсе болды. Онсыз да 2015 жылға дейін көлік және коммуникация министрілігі бөлек еді. Сонда ғана Қазақстанның транзиттік потенциалы күшейеді, әсіресе жол саласындағы түйіткілдерді тезірек шешіледі», — дейді Дәуітхан Шораш.

Previous Post

Мақтаарал ауданының Түркістандағы мәдени күндері дүрілдеп өтті

Next Post

Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстары басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz