gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстары басталды

22 августа, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстары басталды
Share on FacebookShare on Twitter
Бәйдібек ауданындағы «Қапшағай» су қоймасының қазіргі жағдайы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында талқыланды. Екі кезеңге жалғасатын жөндеу жұмыстарына 2 млрд.теңге бөлінбек. Қауіптің алдын алу үшін келер жылы су қоймасы толыққанды жұмыс істемейді.
Маңызды мәселе облыс әкімінің халықпен кездесуінде де көтерілген болатын. Қазата елді мекенінде орналасқан су қоймасы «Қазсушар» РМК мекемесінің есебінде. Стратегиялық маңызы бар нысан 40 жыл бұрын салынып, содан бері жөндеу көрмеген. 40 жыл бұрын салынған су қоймасы осы уақытқа дейін жөнделмеген болатын. Оның сыйымдылығы 34 млн. текше метр, тереңдігі 23,6 м дейін, орташа тереңдігі 10 м, дамбаның ұзындығы 1,8 шақырым.
Аппарат отырысында аудандағы өзекті мәселелерді Бәйдібек ауданының әкімі Е.Шәріпбеков баяндады. Аудан халқының 55%-ы табиғи газбен қамтылған. Газ жүйелерінен туындаған ақаулар мен апаттық жағдайларды дер кезінде ретке келтіру үшін аудан орталығынан «Казтрансгаз» АҚ-ның аудандық филиалын ашу қажеттігі туындауда. Мәселені шешуге қатысты облыс басшысы тиісті тапсырма берді.
Жиналыста Созақ ауданының өзекті мәселелері де талқыланды. Аудан әкімі М.Тұрысбеков 2019 жылы басталған АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу жұмысы бойынша баяндады. Биылғы жұмыстарға 600 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» құрылыс монтаждау жұмысы жалғасып 3500 немсе 70 пайыз абонентке газ құбыры жүргізілген.
Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 98%-ы, 60 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.
Previous Post

"Жол -көлік саласын жеке шығаратын уақыт келді"

Next Post

Сарыағашта 390 орындық жекеменшік мектеп бой көтерді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz