gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Асықата кентінде тік дренаж мәсеслесі өз шешімін табуда

4 августа, 2022
in Қоғам
0
Асықата кентінде тік дренаж мәсеслесі өз шешімін табуда
Share on FacebookShare on Twitter
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2022 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Мұрат Болатұлының есептік кездесуі Асықата кентіндегі «Корпороция Ақалтын» ЖШС ғимаратында, ашық аспан астында өтті.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тойым Жүнісов, мәслихат депутаттары Гүлжан Убайдина мен Марат Ділдабеков, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Мейірман Халыков пен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары,жергілікті тұрғындар қатысты.
Асықата кентінде 1774 адам жер учаскесінің кезегінде тұрады. Өзекті мәселенің шешімін табу үшін «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабына сәйкес, 09.04.2021 жылғы Жетісай ауданы әкімдігі және Жетісай аудандық мәслихатының №345 және №6-36-VII санды «Жетісай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір» мәселелері туралы Жетісай ауданы, Асықата кенті әкімшілік шекарасына Ынтымақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасынан 336,13 гектар жерлерін қосу жолымен Асықата кентінің әкімшілік шекарасын 700,07 гектарға өзгертіліп, бірлескен қаулымен шешімі қабылданған. Казіргі таңда Жетісай ауданы әкімдігінің атынан бірлескен қаулымен шешімін 09.09.2021 жылғы №230-01/01-26/858 санды шығыс хатымен Түркістан облысының әкімдігі мен Түркістан облыстық мәслихатына түпкілікті бірлескен шешімін қабылдау үшін ұсынылған.
Асықата кентіне қарасты 39 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы көлемі жасақталған. Алдағы уақытта бюджет мүмкіншілігіне қарай кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Асықата кентінде тік дренаж салатын орындар белгіленіп, мемлекеттік актісі алынған. «Қазсушар» РМК Түркістан облысының Жетісай аудандық тік дренаждарды пайдалану өндірістік бөлімшесіне тік дренаж салатын орынның мемлекеттік актісі және құрылысын жүргізуге ұсыныс берілген. Қазіргі уақытта Асықата өңірінде 210 дана, соның ішінде Асықата кентінен 2 дана тік дренаждардың сметалық – жобалары “Жер-Ана” ЖШС мекемесі тарапынан дайындалып, мемлекеттік сараптамаға (экспертиза) тапсырылған.
Кездесу барысында кент тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға кезекпен жауаптар беріліп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізілді.
Айтылған әрбір ұсыныстар мен өтініштердің аяқсыз қалмайтынын айтқан аудан басшысы тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуын өзбақылауында ұстайтындығын айтты.
Previous Post

Түркістан облысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету қарқын алды

Next Post

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz