gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сарыағаштағы Тегісшіл ауылдық округі ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз етілуде

12 августа, 2022
in Қоғам
0
Сарыағаштағы Тегісшіл ауылдық округі ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз етілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғыны Ұлту Ибрагимованың үйінде болды. Аталған елді мекенде тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған табиғи газ бен ауыз су осы күнге дейін болмаған. Бүгінгі таңда Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Таскескен, Мәдениет және Тегісшіл елді мекендері табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр. Осы қуанышқа куә болған 80 жастағы қарт ана аудан әкіміне ауылдық округке табиғи газ және таза ауыз су қосылғанына өз ризашылығын білдіріп, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген ел ағаларына ақ батасын берді.
Айта кетсек, 2020 жылдан бастап Тегісшіл және Мәдениет елді мекендері таза ауыз сумен қамтамасыз етілген болса, былтырғы жылы Таскесен 2 елді мекеніне мердігер мекеме «Корпарация Силур» ЖШС-і тарапынан таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, осы жылы елді мекенге ауыз су беріле бастады. Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша жалпы 1216 тұрғын үйдің 1136-сы (93,4%) таза ауыз сумен қамтылған.
Сонымен қатар, ауылдық округтің елді мекендері табиғи газбен де қамтылуда. Атап айтсақ, 2021 жылы берілген табиғи газды бүгінгі таңда Тегісшіл, Таскескен және Мәдениет елді мекендерінде орналасқан жалпы 853 тұрғын үйге табиғи газ берілді. Ал қалған тұрғын үйлерге «ҚазТрансГаз» аймақ АҚ-нан атқарушылық техникалық құжаттары дайын болуына қарай тұрғындар өздері келісім-шартқа тұрған мердігер мекемелер арқылы газ есептегіш жәшіктен тұрғын үйге қосу жұмыстарын жүргізуде.
Previous Post

Түркістан облысында 22 елді мекеннің халқы «көгілдір отынның» қызығын көре бастады

Next Post

Арыста айрықша балаларға арналған орталық ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz