gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қадағаланды

1 августа, 2022
in Қоғам
0
Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары қадағаланды
Share on FacebookShare on Twitter
Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың кезекті жұмыс сапары Жеңіс ауылдық округінде жалғасын тапты.
Ең әуелі аудан басшысы қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын қадағалау мақсатында «Мирас» шаруа қожалығы қоймасына барып, жиналған жоңышқа өнімдерін қораптау барысымен танысты.
Әрі мал азығының мәйегі денегінде екендігін ескеріп, орылған жоңышқаны арнайы техника арқылы қаптап жатқан шаруалардың жұмысына сәттілік тіледі.
Сапар барысында жаз айларында шаруалардың ағын су жетіспеушілігін шешу үшін күрделі жөндеуден өтіп жатқан «R-5» каналына барып, тиісті жауаптыларға құрылыс жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды тапсырды.
Нұрбек Бақтыбайұлы бұл реткі іс-сапарында 4 жылдан бері аудан басшыларының жолы түспеген шалғайдағы Дихан ауылына барып, тұрғындармен кездесті.
Ойлы-шұңқыры көп 15 шақырымға жуық тас жол мен сапасы төмен электр жарығы, төрт жылдық бастауыш мектептің мүшкіл жай-күйі жөнінде тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдаған аудан басшысы ауылдағы электр энергиясының сапасын тез арада жақсартуды салалық бөлім басшысына міндеттеді. Сонымен қатар, тас жол құрылысына байланысты алдағы уақытта талдау- саралау жүргізетіндігін жеткізді.
Мұнан соң аудан әкімі ауылдағы жеке шаруашылықтың 55 гектар мақта алқабын, шаруа қожалықтардың 10-15 бастық мал бордақылау алаңын аралап, шаруалармен тілдесті. Нәтижесінде ауыл әкіміне отбасылық шағын мал бордақылау алаңдарының санын көбейтуді міндеттеді.
Сапар соңында аудан басшысы Жеңіс ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен, ауылдық округ әкімі аппараты, мәдениет үйінің қызметкерлерімен жеке-жеке кездесу өткізіп, қордаланған мәселелерді арнайы хаттамаға түсіріп, нақты нәтиже шығаратындығын айтып өтті.
Previous Post

Отырарда шаруалардың ағын су мәселесі шешімін тауып келеді

Next Post

Түркістан облысында 6 635 тонна ірі қара мал еті, 2 480 тонна қой еті экспортталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz