Облыста 2025 жылға дейін 841 елдімекенді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Әзірге өңіріміздегі 831 елді мекеннің 712 елді мекені (7 қала, 705 ауылдық елді мекен), яғни 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілді. Тарқатып айтар болсақ,7 қалада 431,0 мың адам, 705 елдімекенде 1 540,7 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ал, өңірімізде әлі 119 ауылдық елді мекен (100,9 мың адам) орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Оның ішінде, 71 елдімекенге су құбырларын жүргізу жоспарлануда. Айта кетейік, халық саны 200-ден төмен 48 елдімекенге ҚМЖ жүргізу экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі бұл елдімекендер шалғайда орналасқан. Сондықтан, мұндай елдімекендерге блок-модуль кешенін (КБМ) орнату көзделіп отыр. Одан бөлек 216 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырларын қайта құру қажеттігі туындауда.
Осындай жұмыстарды жүргізу мақсатында ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша 53 нысанның құрылысына ұлттық қор есебінен18,4 млрд. теңге (ҰҚ-18,2 млрд. тг., ОБ-0,2 млрд.тг) бөлінді. Биыл 53 нысанның 26-сындағы жоспарланған шараларды аяқтап, пайдалануға беру көзделген. Қалған 27 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, биыл Сарыағаш ауданында – 4, Келес ауданында – 4, Қазығұрт ауданында – 2, Ордабасы ауданында 3 елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. 14 елді мекеннің, яғни, Сауран ауданының – 1, Қазығұрт ауданының – 1, Төлеби ауданының – 5, Жетісай ауданының – 2, Мақтарал ауданының – 1, Ордабасы ауданының – 1, Шардара ауданының – 1, Түлкібас ауданының 2 елдімекенінде тозығы жеткен су құбырларқайта жаңартылады.
Бұйыртса, биыл жыл соңына дейін 831 елді мекеннің 725-сі, яғни 7 қала мен 718 ауылдық елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Тарқатып айтар болсақ, 7 қала, 432,7 мың адам,718 елдімекенде 1 560,4 мың адам ауыз сумен қамтылады.
Айта кетейік, 2015-2021 жылдар аралығында облыста 240 елді мекеннің жер асты су қоры бекітілген еді. Қазіргі таңда одан бөлек 42 елдімекенге геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 88 елді мекеннің жер асты су қорын бекіту үшін ЖСҚ әзірленуде.
Бүгінде ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша 33 нысанның ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Оның ішінде,14 нысан жаңадан ауыз сумен қамтылатын елдімекен болса, қалған 19 нысан қайта-құрылатын елді мекендер мен мөлтек аудандардың су жүйелерінің құрылысы болып табылады.
Аталған жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстың бюджеттен 18 нысанға қаржы қарастырылды. Оның 10-ы жаңадан қамтылатын елдімекен болса, 5-еуі қайта құрылатын елдімекен. Ал, үшеуі мөлтек аудан болып табылады.
Аудан, қала әкімдіктері тарапынан жалпы 39 нысанның ЖСҚ әзірленуде. Оның ішінде, 16 нысан жаңадан ауыз сумен қамтылатын елді мекен болса, қалған 48 нысан қайта-құрылатын елді мекендер мен мөлтек аудандардың су жүйелерінің құрылысы болып табылады.Аталған жобаларға сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың соңына дейін алынады деп күтілуде.
Облыстағы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 119 елдімекен бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтейік. Қазіргі таңда 23 елдімекенде, тарқатып айтар болсақ, Ордабасы ауданында -6, Қазығұрт ауданында -3, Келес ауданында -4, Сарыағаш ауданында -8, Отырар ауданында -1, Бәйдібек ауданында 1 елдімекенде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 4 елдімекенде, яғни Отырар ауданында -2, Төлеби ауданында -1, Сауран ауданында 1 ЖСҚ-ға сараптама қорытындысы алынып, қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды.
Сонымен қатар, 5 елдімекендегі, яғни Сарыағаш ауданында — 1, Қазығұрт ауданында -1, Келес ауданында -2, Жетісай ауданында 1 елдімекендегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігі туындауда. Одан бөлек 13 елдімекеннің, тарқата кетсек, Сарыағаш ауданында -4, Келес ауданында -4, Отырар ауданында -1, Созақ ауданында 4 елдімекеннің ЖСҚ әзірленуде. Ал, Ордабасы ауданындағы 3 елдімекенде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. 20 елдімекенде, яғни Бәйдібек ауданындағы -2, Отырар ауданындағы -1, Сарыағаш ауданындағы -6, Келес ауданындағы -10, Түлкібас ауданындағы 1 елдімекенде іздеу-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. Сарыағаш ауданындағы 3 елдімекенде жүргізілетін іздеу-барлау жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде. Халық саны 200-ден кем, шалғайда орналасқан 48 елдімекенде блок-модуль кешені (КБМ) орнатылуда.
Облыс елді мекендерін 100 % ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етудің 2022-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары» бекітілді. Соған сәйкес, облыстағы 119 елді мекенді, яғни 100,9 мың халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету,216 елді мекеніңтозығы жеткен су құбырларын қайта-құру жоспарланған. Оған қажетті қаржы көлемі 123,8 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, облысымыздың оңтүстік аудандарындағы, атап айтар болсақ, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал аудандарында 800 мыңға жуық халықты сапалы ауыз сумен қамту өзекті мәселе болып отыр.Аталған аудандардың бірқатар елді мекендері ауыз суды Өзбекстан Республикасынан келетін каналдар арқылы санитарлық талаптарға сай емес ашық су көздерінен алса, жекелеген елді мекендер минералдылығы жоғары жер асты су көздерін пайдалануда. Осы мәселені шешу мақсатында «Түркістан облысындағы Өгем өзеніндегі су электр станцияларының каскады мен су құбыры» жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жоба Өгем өзенінен орташа жылдық ағысы 3,5 м3/сек көлеміндегі суды бұру арқылы ауыз су ретінде пайдалану және каскадты су электр станцияларын (ГЭС) салу арқылы 165 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіру мүмкіндік береді. Аталған жоба 2-кезеннен тұрады.Жобаның техника-экономикалық негіздемесін (ТЭО) әзірлеуге облыстық бюджет есебінен 513,6 млн. тг бөлінді.
Қазіргі таңда аталған жобаның гидрологиялық, топографиялық, археологиялық, негізгі құрылыстарға жер бөлу схемалары, инженерлік-геологиялық жұмыстары, су-энергетикалық және гидравликалық есептеулер аяқталды. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеудің сметалық құны – 508,483 млн.теңгені құрайды. Бұйыртса, осы жобаның құрылысы аяқталған жағдайда оңтүстік аудандардағы халық сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.