gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Келес ауданына қарасты көптеген елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде

17 августа, 2022
in Қоғам
0
Келес ауданына қарасты көптеген елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Жүзімдік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында өткен кездесу еркін форматта, ашық аспан астында өтті. Аудан басшысы алдымен өткен кездесуде айтылған мәселелердің нәтижесімен бөлісті.
Өткен кездесуде тұрғындар ауылдық округінде мәдениет ошағы салынса деген сұранысын білдірген болатын. Бүгінде Жүзімдік ауылдық округінің орталығына мәдениет үйін салу бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынып, облыстық салалық басқармалаға ұсынылды. Қаржы қарастырылған жағдайда құрылыс жұмыстары басталады.
Ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі егін шаруашылығымен айналысқандықтан, ағын су мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Биыл Ащысай каналының 17 шақырымын механикалық тазалауға аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, механикалық тазалаудан өтті.
Бүгінгі таңда аудан орталығымен қатар ауданға қарасты көптеген елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. Солардың қатарында Оңтүстік және Ақсу елді мекендерінде ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында биыл жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, келесі жылға құрылысы басталуы жоспарлануда.
Ағымдағы жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерге деген мұқтажын қанағаттандыру үшін Жүзімдік ауылдық округі аумағында орналасқан 143 гектар жайылым жер уаскесін ауыл тұрғындарымен біргелікте пайдалану мақсатында жер пайдаланушы азаматтармен үшжақты келісім шарт түзілді.
Кездесу соңы жеке мәселелерін арқалап келген тұрғындарды қабылдаумен жалғасып, мәселелерін шешуге бағытталды
Previous Post

Мақтааралда 520 орындық спорт кешені ашылды

Next Post

Түркістан облысында 7 қала, 705 ауылдық елдімекен ауыз сумен қамтамасыз етілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz