gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мақтааралда 520 орындық спорт кешені ашылды

17 августа, 2022
in Қоғам
0
Мақтааралда 520 орындық спорт кешені ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 520 орындық спорт кешені ашылды. «Жетіген» атауымен аталған жаңа нысанның ашылуына меценат-кәсіпкер, «Ауыл» партиясының аудандық партия жетекшісі Абзал Бексұлтан демеушілік көрсеткен.
Нысанның ашылу шарасына ҚР Парламенті сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, аудан әкімі Бақыт Асанов және облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, жергілікті тұрғындар қатысты.
Әли Әбдікәрімұлы аталған іс-шара партияның «Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл» жобасының аясында қарастылырып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.
«Жобамыздың негізгі мақсаттарының бірі – ауыл жастарының бос уақыттарын дене шынықтыруға арнап, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ кәсіпкерлер мен меценаттарды осы іспеттес қоғамдық бастамаларға және ауылдағы әлеуметтік, спорттық инфрақұрылымдарды дамытуды қолдауға үгіттеу» — деді сенатор, партия төрағасы.
«Жетіген» спорт кешенінде жасөспірімдер мен жастар бокс, дзюдо, қазақша күрес және еркін күреспен шұғылдана алады. Аталған спорт түрлерімен жаттығу үшін нысан толық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Айта кетейік, сенат депутаты, партия төрағасы Әли Бектаев жұмыс сапары барысында Жаңажол ауылдық округі, Нұрлыжол ауылының тұрғындарымен кездесіп, сол ауылдың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының және инженерлік инфрақұрылымының ағымдағы жағдайымен танысты.
Previous Post

Созақтық азамат құны қымбат құс өсірумен айналысуда

Next Post

Келес ауданына қарасты көптеген елді мекендерде инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz