gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Созақтық азамат құны қымбат құс өсірумен айналысуда

17 августа, 2022
in Қоғам
0
Созақтық азамат құны қымбат құс өсірумен айналысуда
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданының тұрғыны Өмірбек Жұмабаев тауықтың «Джерсий гигент» деп аталатын ерекше түрін көбейте бастады. Оның үйін шағын құс фермасы дерсіз. Кейіпкеріміз үш жылдан бері осы кәсіппен айналысып келеді. Алғашында, әрине, ол «Джерсий гигент»деп аталатын тауық түрін өсіруге мұншалықты ден қоямын деп ойламаған. Жәй қызығушылық танытқан екен. Қазір бұл оның сүйікті кәсібіне айналған.

Айталық, Өмірбек Жұмабаевтың «Джерсий гигент» деп аталатын 9 тауығы бар. Америкалық тұқымның әрқайсысы 5-6 келіге дейін ет береді екен. Немістің «Белефельдер»деп аталатын тауығы тұрқы жағынан біздің тауықтардан шағындау болып келеді. Бірақ, оның мойыны мен құйрығы ұзын. Қырғауылға көбірек ұқсайтындай көрінді бізге. Өмірбек Жұмабаевтың тауық қорасынан Ресейлік тауықтардың да бірнеше түрі кездестірдік. Кученский, Брикель қанаттыларының саны 20-дан асады. Хамгор қазы мен Тауыс құсын да осы жерден көрдік.

Кәсіпкер тауық жұмыртқаларын арнайы аппаратқа салып, балапан шығарады. Қазір арнайы орын-жайларда жүзге жуық балапан өсіп жатыр. Құс өсіруге қызығатындар жұмыртқаларын сұрай келеді екен.

– Мен кейбір тауықтарды шетелдерден және еліміздің басқа қалаларынан арнайы алдырамын. Құсқа ерекше қызығатын адамдар бар. Солардан құстардың жұмыртқаларын қымбатқа сатып аламын. Сосын өзімнің аппаратыма салып аштырып, көбейтемін. Одан шыққан жұмыртқаларды елге сатамыз. Көбейту үшін жұмыртқаны да, балапанды да сатып алады. Қызығатын адам оның құнының жоғары екеніне қарамайды, алады. Құстың тұқымына қарайды, құсты танитын адамдар біледі, — дейді Өмірбек Жұмабаев.

Previous Post

«Turkistan» арнайы экономикалық аймақ аумағы 280 га кеңейтілмек

Next Post

Мақтааралда 520 орындық спорт кешені ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz