gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті

13 августа, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен реформалары еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Жалпы, Түркістан облысы құрылғалы бері 4 жыл уақыт болды. 2018 жылмен салыстырғанда осы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі айқын аңғарылады.

Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті. Соның ішінде өнеркәсіп өнімі көлемі 1,6 есеге  артып, 707,8 млрд. теңгеге жетті. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бұл сала әжептеуір өсім байқалады.

Нақты деректер келтірер болсақ, облыста өнеркәсіп саласында жыл басынан бүгінге дейін 392 555,1 млн. теңгеге өнім өндірілді. Айта кетейік, салада 350 аса кәсіпорын жұмыс жүргізеді. Жұмыспен қамтылғандар саны 41 128 адамды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерлерді қазу саласында 118 529,6 млн. теңге өнім өндірілді. Жұмыспен қамтылғандар саны
8 401 адамға жетті. Облыстың өнеркәсіптік өнім  көлеміндегі  үлес салмағы –50,7%.

Кен өндіру өнеркәсібі және металлургия көлемінің 98,8 % «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындарына тиесілі. Олар: «Қаратау» ЖШС-і, ««Орталық» ДП» ЖШС-і, «СП «Южная горно-химическая компания» ЖШС-і, «СП Заречное» АҚ-ы, «СП Инкай» АҚ-ы, «СП Катко» АҚ-ы, «АППАК» ЖШС-і. Негізгі өндіретін өнім түрі — уран.

Ал, өңдеу өнеркәсібінде жыл басынан бүгінге дейін 161 410,1 млн. теңге өнім өндірілді. Жұмыспен қамтылғандар саны 22 092 адамды құрады. Облыстың өнеркәсіптік өнім  көлеміндегі  үлес салмағы — 41,2%.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында                                27 375,1 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Онда жұмыспен қамтылғандар саны – 6 971 адамды құрауда.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында  4 577,6  млн.теңгенің өнімі өндірілді. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 3 664 адамға жетті.

Previous Post

Жетісай мен Мақтааралда ағын суды молайту бағытындағы жұмыстар жалғасады

Next Post

Бәйдібектік тұрғын қарбыз өсіруді отбасылық бизнеске айналдырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz