gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бәйдібектік тұрғын қарбыз өсіруді отбасылық бизнеске айналдырды

13 августа, 2022
in Қоғам
0
Бәйдібектік тұрғын қарбыз өсіруді отбасылық бизнеске айналдырды
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданының тұрғыны Есенғали Алтаев былтырдан бері қарбыз өсіріп, көл-көсір пайдаға кенеліп келеді. Ол мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, қарбыз өсіруді қолға алған екен. Айтуынша, алғашқы жылы жұбайы Жанар екеуі үш жарым гектар жерге қауын-қарбыз егіп, одан 150 тоннаға дейін өнім алған екен. Биыл егістік алқабының көлемін 4 гектарға ұлғайтып, қауын-қарбызбен қатар бақша дақылдарын да еге бастапты.

— Өткен жылы «Бизнес бастау» бағдарламасына қатысып, 583 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болған едік. Бүгінде аудан тұрғындарын қауын-қарбызбен қамтамасыз етіп отырмыз. Жан-жақтан алқаптың басынан басынан келіп алып кететіндер бар, — дейді кейіпкеріміз.

Биыл қарбыз бағасы бұрғынғыға қарағанда әжептеуір көтерілді. Келісін 70-80 теңгеден сатып жатырмыз. Бұл бізді қуантады», — дейді диқан. Бәйдібек аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, ауданда бүгінге дейін «Бастау бизнес» бағдарламасымен 184 азамат оқып, оның 80-і қайтарымсыз негізде грант алған екен.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Болат Алшымбаев: «2021-2025 жылдар кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба шеңберінде биылғы жылы 70 азаматқа мемлекеттік грант беру көзделген. Қазіргі таңда 10 адам грант алды. Грант иеленушілердің көпшілігі сұлулық салонын, тігін шеберханасын ашып жатыр. Жылыжайда көкөніс өсіруді және мал шаруашылығымен айналысуды қолға алғандар да бар. Қазір кәсіптің көзін тапқандар ауылдық жерлерде де көп», — дейді.

Previous Post

Түркістан облысында өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн. теңгеге жетті

Next Post

«Turkistan» арнайы экономикалық аймағы – көне шаһарды жаңғыруға бастайтын даңғыл жол

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz