Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі уақытты алып қарайтын болсақ, өңірімізде ірі-ірі жобалар іске асырылды. «Кентау трансформатор зауыты», «ҚазақБитум», күйдірілген кірпіш өнімдерін шығаратын «Бөкей», «Нимекс мақта тазалау зауыты», «Мақта өңдеу зауыты», «Ордабасы құс фабрикасы», түйе сүтінің құрғақ ұнтағын шығаратын «Golden Camel», балық өнімдерін шығарумен айналысатын «Хамит и К», «DalaFruit» сияқты ірі компаниялар құрылып, өз өнімдерін шетелдерге экспорттаушыларға айнала білді. Мұны экономикалық өсімнің жарқын көрсеткіші деуге болды. Бұдан басқа 300-ге жуық кәсіпорын жұмысын бастап, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс орналасты.
Сонымен қатар, индустрияландыру жылдары (2010-2020 жж.) 140,5 млрд. теңгеге 122 жоба іске асырылып, 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылды. Индустрияландыру картасы аясында іске асырылған жобалар бұрын өзімізде өндірілмейтін және негізінен экспортқа бағытталатын 12 өнім түрі бойынша өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.
Кеңестік кезеңде жүзеге асыра алмаған жобалар да қолға алынды. Атап айтар болсақ, Сырдария өзенінен «Тәуелсіздік көпірі» салынды. Бұл көпірӨзбекстанмен шекаралас жатқан Жетісай және Мақтаарал аудандарын республикалық А-15 автожолымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік берді. Одан бөлек Жетісай мен Мақтаарал халқын Шардара су қоймасы арқылы облыс орталығымен байланыстыратын «Арнасай айналма жолы» пайдалануға тапсырылды. Ташкент, Алматы және Қызыл-орда бағытында «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі» салынды. Сырдария бойындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін «Көксарай» су реттегіші мен «Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ магистралінің салынуын да Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі деуге болады.
Қазіргі таңда облыста бұдан да ірі жобалар жүзеге асырылуда. Айта кетейік, өңірімізде 9 индустриалды аймақ бар. Олардың жалпы аумағы 538 га құрайды. Оның ішінде қазіргі таңда 6 индустриалды аймақта, атап айтар болсақ, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Ал, Түлкібас, Шардара және Бәйдібек аудандарындағы индустриалды аймақтарда инфрақұрылым объектілерінің құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған. Соған байланысты, аталған өңірлерде ешқандай жобалар жүзеге асырылмай отыр.
Жалпы Түркістан облысының индустриалды аймақтарында құны 41 млрд.тг. болатын 58 жоба қолға алынған болатын. Онда 2911 адам жұмыспен қамту көзделген. Оның ішінде, құны 31 млрд.тг. болатын 41 жоба іске қосылып, жұмыс істеуде. 2332 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Тарқата кетейік, өткен жылы құны 3,3 млрд.тг-ні құрайтын 6 жоба іске асырылды. Онда 592 жұмыс орны ашылды. Атап айтар болсақ, олар: «Turkistan textile» БК ЖШС – 426 млн.тг.,жұмыс орны – 200, тоқыма бұйымдарын өндіру фабрикасы, «СпецСтрой» ЖШС – құны 1,1 млрд.тг., жұмыс орны – 241, темір бетон өндірісі, «EuroBlock Production» ЖШС – құны 113,8 млн.тг., жұмыс орны – 20, газобетон өндірісі, «Бесқасқа» ЖШС – құны 189 млн.тг., жұмыс орны – 25, асфалтобетон өндірісі, «Таженов» ЖК – құны 55 млн.тг., жұмыс орны – 10, темір торлар жасау өндіріcі, «Александровский сад» ЖШС – құны 735 млн.тг., жұмыс орны – 100, жеміс – жидек сақтау қоймасы.Сонымен қатар, 2021 жылдың 4 тоқсанында құны 1,7 млрд.тг болатын кеңсе жиһаздары өндіретін кәсіпорын өз жұмысын бастады. Онда бүгінде 50 адам жұмыс істеуде.
Қорыта айтқанда, өткен жылы 2021 жылы 5,2 млрд. теңгені құрайтын жобалар іске қосылып, бекітілген индикатор көлемі 54%-ға артығымен орындалды.
Ал, биыл құны 4,1 млрд. тг. құрайтын 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Осы жобалардың барлығы ашылып, жұмысқа кірісетін болса, 246 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Айта кетейік, «Баянды құрылыс» ЖШС — 593 млн.тг., асфальт сұйығын және тауарлы бетон өндіру жобасы, «Оспан» ЖК – 100 млн.тг., газобетон өндіру жобасы, «МЖ Алихан» ЖШС – 200 млн.тг., темір бетон бұйымдарын өндіру жобасы, «СимТас» ЖШС – 600 млн.тг., керамзитті кірпіш өндіру жобасы, «Huayi International Cotton LTD» ЖШС – 2 500 млн.тг., мақта талшықтарын қайта өңдеу жобасы, «Асыл Бастау.KZ» — 200 млн.тг., бөтелкедегі ауыз-су өндіру жобасы.