gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы түркістан облысына тиеселі

20 августа, 2022
in Қоғам
0
Республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы түркістан облысына  тиеселі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан – аграрлық ел. Оның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді еселеп көтеруге қуаты да, мүмкіндігі де жетеді. Президент Қ.К.Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет екенін атап өткен болатын. Өйткені, аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан экономикасының дамуына, жалпы ішкі өнімнің, ұлттық өнімнің, тұрғындарды жұмыспен қамтудың, тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Айта кетейік, жалпы биыл облыста ауыл шаруашылығында өнім көлемі
243,7 млрд. теңгені құрап,  101,5 % арты. Республикадағы үлесі 13,8 %  пайызды құрап, 1 орынға шықты.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 27,8 млрд. тг инвестициялар тартылды. Тамақ өндірісіне 3,6 млрд. тг инвестиция салынып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 100,8 пайызға артты.

Облыста 70,6 мың бірлік агроқұрылым тіркелген, ауыл шаруашылығы жұмысшылар саны 184,6 мың адамды құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдары 851,0 мың гектарға егіліп, дала жұмыстары толығымен аяқталды.  Өткен жылға қарағанда биыл егістік алқабы 5,5 мың гектарға ұлғаған. Оның ішінде дәнді дақылдар – 298,2 мың га, көкөніс, бақша, картоп – 120,8 мың га, майлы дақылдар – 82,0 мың га, мақта – 121,1 мың га, мал азығы 227,5 мың га егілді. 248,6 мың гектарға егілген астықтан 465,1 мың тн. дән жиналды. Гектар түсімділігі 18,7 ц/га жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,9 цн/га артық болды.

Биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 941,9 мың тоннасы жиналды. Оның ішінде, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 8,4 мың гектар егілген бірінші өнімнен 179,4 мың тн. көкөніс жинап алынды.

Айта кетейік, республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы облысымызға тиеселі, алаңы 1494 гектарды құрайды. Қазіргі таңда өңірімізде малға қажетті  азықтық қорды қамтамасыз ету бақылауға алынған. 4,1 млн тонна мал азығын жинау жайлы жоспар бүгінде 58 пайызға орындалды (2,3 млн. тн.). «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ы арқылы  жеткізілетін (34,4 мың тонна бидайдан  алынатын) 9,3 мың тонна кебек 65 тг./кг. агроқұрылымдарға арзандатылған бағамен берілуде.

Қазіргі таңда облыста нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыру мақсатында құны 51,9 млрд. теңге болатын 36 инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобалалар толығымен іске асырылатын болса 1478 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Әзірге құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды. Онда 50 адам жұмысқа орналасты.

Түркістан қаласы айналасында 11,0 мың гектар азық-түлік белдеуін құру жобасы іске асырылуда. 2,2 мың га 65 бірлік жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Бұл технология ағын суды 2 есе үнемдеп, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Өңірімізде азық-түлік белдеуі аясында құны 34,7 млрд. теңгені құрайтын 5 серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олар: «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің 1200 басқа арналған тауралы сүт фермасы (құны  6,0 млрд.тг), «Органик Агрофуд» ЖШС-нің 50 га өрік бауы (құны 540,0 млн.тг), «Органик Агрофуд» ЖШС-нің 15 га жылыжай кеші (құны 16,5 млрд.тг), «SPK-Sauran» АШӨК-нің 622 га жаңбырлатып суару технологиясы (құны 1,5 млрд.тг), «Turkistan Fruit» ЖШС-нің 40,0 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасы (құны 10,2 млрд.тг).

Реті келгенде айта кетейік, өңірінің ағын су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылыстары жүргізілді. Нәтижесінде 248,8 млн.м3 ағын су жеткізілді. Біріншісі —  «Түркістан магистралды каналын  күрделі жөндеу» жобасы. Жоба аясында 59 шақырым бетондалып 60 млн.м3 су үнемделді және қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылды. Бүгінгі күні 58 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізіліп, 1,5 шақырым Түркістан қ. аумағындағы канал бойы абаттандырылуда. Екіншісі — «Кеңсай — Қосқорған — 2» су қоймасын салу жобасы. Жобаның құны 5,7 млрд. теңгені құрады. Жоба бойынша 34 млн.м3 ағын су жеткізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, «Арыс-Түркістан магистральдық арнасын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» жобасы, «Сарқырама» су қоймасын салу жобасы, Кентау қаласында «Қосқорған»су қоймасын толықтырып, су төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынған. Болжам бойынша шахтадан шамамен 40 млн. текше метр (м3) жер асты суы шығарылып, Түркістан қаласын суландыру мен өсімдік шаруашылығына пайдалану көзделген. Бұдан бөлек, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» (жоба құны 2,3 млрд. тг.) жобасы  бойынша 34 шақырым ұзындыққа бөгет жасалынып,261 млн.м3 су көлге жіберілді.

Аталған жобалар облыстың экологиялық жағдайын жақсартуға ықпалын тигізумен қатар туризм саласын дамытуға мүмкіндік беруде.

Previous Post

«Ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» республикалық форумы өтуде

Next Post

Түркістан облысында туристерді орналастыруға арналған орын саны 214-ке жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz