gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында 18 мониторингтік топ азық-түлік тауарларына бақылау жасайды

1 августа, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында 18 мониторингтік топ азық-түлік тауарларына бақылау жасайды
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу үшін 18 мониторингтік топ құрылды. Топ құрамына облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары, белсенділер, журналистер, қоғамдық кеңестердің мүшелері кіреді.

Бұл мониторингтік топ 28 шілдеден бастап 4 реттен аудан, қалаларды қосқанда 88 базар мен ірі сауда үйлеріне барды. Азық-түлік тауарларының 19 түріне мониторинг жүргізілді. Бағаны бақылауда ұстап отыр деуге болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыстың тұрақтандыру қорында 331,1 млн. теңгенің 3 623,9 тонна тауары бар. Оның ішінде картоп – 2 430,2, сәбіз – 861,6, пияз – 200, қант – 126, күнбағыс майы 6,1 тоннаны құрайды.

Жасыратыны жоқ, қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары қымбаттаған. Мәселен: бір келі бірінші сұрыпты бидай ұны – 221 теңге, нан – 118 теңге, макарон – 280 теңге, қарақұмық – 496 теңге, күріш – 359 теңге, картоп – 154 теңге, сәбіз – 150 теңге, пияз – 144 теңге, қырыққабат – 89 теңге, құмшекер – 522 теңге, пісте май – 827 теңге, сиыр еті – 1716 теңге, құс еті – 988 теңге, сүт – 360 теңге, айран – 294 теңге, сары май – 963 теңге, жұмыртқа – 342 теңге, ас тұзы – 57 теңге, сүзбе – 945 теңге. Яғни, бағада ауытқу бар. Аталған ауытқулар бойынша облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына тиісті қадағалау жұмысын жүргізу мақсатында ұсыныстар жолданды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу мақсатында мынадай шаралар қолға алынуда. Атап айтар болсақ, облыс тұрғындары үшін 17 аудан, қала орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелері ұйымдастырылуда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша ірі сауда ұйымдарымен тұрақты негізде меморандумдарға қол қойылды. 30 сауда нүктесінде азық-түлік тауарларын төмен бағамен сату үшін «әлеуметтік бұрыштар» ұйымдастырылған, облыс орталығында және аудандарда азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізетін топтар жұмыс істеуде. Олар бағаның негізсіз өсу фактілерінің жолын кесу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін 15 пайыздан арттыруға жол бермеу үшін сауда желілерімен, өндірушілермен, «үй жанындағы дүкендермен» түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жедел ден қою үшін Call-орталық (109 нөмірі) жұмыс істейтінін ескертеміз. Сондықтан, тұрғындар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты шағымдарын осы орталыққа хабарласып жеткізе алады.

Қазіргі таңда мониторингтік топ облыстағы 1467 «Үй жанындағы дүкеннің» 1463-ін (99,7%) аралады. Негізсіз баға көтерудің 38 фактісі анықталып, тиісті шараларды қолдану арқылы бағалар 10-15%-ға дейін төмендетілді.

Previous Post

ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды

Next Post

Мақтааралдықтар бір алқаптан екі өнім алып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz