gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Боралдайда кәсіп бастаушылар көбейді

11 августа, 2022
in Қоғам
0
Боралдайда кәсіп бастаушылар көбейді
Share on FacebookShare on Twitter

Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылының тұрғыны Лаура Мейірбекова өз аулында сұлулық салонын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Жас кәсіпкер 1991 жылы Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында дүниеге келген. Бір баланың анасы. Лаураның сұлулық әлеміне деген қызығушылығы мектеп жасында пайда болыпты. Сол кезден бастап қолы қалт етсе, айнаның алдына жақындап, шашын әсемдеп, бетін әрлей жөнеледі екен. Лаура қаржыгер мамандығын игеріп, 6 жыл сол салада осыдан үш жыл бұрын тұрақты жұмысынан шығып, толықтай визажист мамандығына бет бұрады. Бет әрлеуге икемі бар ол арнайы курстар оқып, өз мамандығынан мүлде бөлек жұмысты бастайды. Нәтижесінде салон ашып, жүрегі қалаған жұмысымен айналысады. Бүгінде сұлулық салонына келушілердің қатары қалың. Бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

– Салон ашуыма сол кездегі табысымның төмендігі себеп болды. Бір балам бар. Айлығым аз, шығыным көп болды. Бет әрлеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Мен осы қабілетімді кәдеге жаратып табыс тапқым келеді. Кәсіп бастаудың оңай еместігін біле тұра тәуекелге бел буып, үлкен іске білек сыбана кірістім. 2018 жылы осы кәсіпті бастадым. 2019 жылы «Бизнес бастау» жобасы арқылы арнайы курста оқыдым. Бизнес-жоспар құрып, 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Сол арқылы қажетті құрал-жабдықтар алып, салонды үлкейтім. Содан шәкірт тәрбиелеп, жұмыс істейтін адамдардың санын көбейте бастадым. Болашаққа жоспарым өте көп. Кәсібімді одан әрі кеңейткім келеді, – дейді Лаура.

Лаура өзін кәсіби маман ретінде шыңдау үшін танымал мамандардан жиі-жиі сабақ алып тұрады. Лаураның айтуынша, ауылда әсемдік салонының болғаны тұрғындар үшін өте тиімді. Өйткені, мұндағы баға қолжетімді және қалаға барудың қажеті жоқ. Қыз-келіншектерге сұлулық сыйлаған «Лаура» сән салонында өз ісінің шеберлері шаш қиып, бояп, сәндеп қана қоймай, бет әрлеп, қол, аяқ тырнақтарының да күтімін жақсартады.

Ниет болса, икем болса кез келген жанның бизнеспен айналысуына болады. Жастардың кәсіп ашуы үшін мемлекет тарапынан ауқымды жобалар қолға алынуда. Нарықтық қоғамда «алма піс, аузыма түс» деп жатуға болмайды. Еңбектенген адам табысқа жетері сөзсіз. Сұлулық салонын ашып, келешегінен мол үміт күттіретін жас кәсіпкердің ісіне береке мен толағай табыс тіледік.

Previous Post

2023–2025 жылдары Түркістан облысында 266,6 млрд. теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге

Next Post

Кентау халқы «Ауыл аманаты» жобасын оң бағалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz