Түркістан қаласы туризм, мәдениет, медицина, білім мен ғылым, спорттың орталығына айналып келеді. Мұнда тұрғындардың, жастардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасалуда. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі жүріп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңі шаһардағы 4 аумақта жүзеге асырылуда. Бірінші аумақ – әуежай аумағы. Мұнда 12 жоба қолға алынады. Оның ішінде 100 орынды қонақүй, жеміс бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1200 бас ірі қараға арналған тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.
Екінші аумақ – әкімшілік-іскерлік орталығында 57 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Халықаралық теннис орталығы салынды. «Мұз сарайының» құрылысы жүруде. Ат спорты кешені, демалыс орындары және денсаулық сақтау нысандары, инженерлік инфрақұрылымы да салынбақ. Сондай-ақ, осы аумақта жалпы 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Үшінші аумақ – Б.Саттарханов даңғылының бойында да бірқатар жобалар жүзеге асады. Ал, төртінші аумақ – Мәдени-рухани орталықта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жұмыстары болмақ. Бұдан бөлек, «Керуен сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджі қалашығы, «Medina Palace» қонақ- үйі, «Қылует» мәдени-рухани орталығы тұрғызылып жатыр. Жалпы, Түркістан қаласын дамытудың 2-кезеңінде инвестициялардың көлемі 1,3 трлн. теңге болады деп межеленген. Оның 1 трлн. теңгесі немесе 77%-ы – жеке инвестициялар. Жаңа кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгеге жеткізілмек.
Ал, облыс бойынша айтар болсақ, өңірімізде 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 328,3 млрд. теңгені құрайтын, 4923 жаңа жұмыс орнын құрумен 34 инвестициялық жоба енгізілген. 2020 жылы 6,2 млрд. теңгені құрайтын 1540 жаңа жұмыс орнын құрумен 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ, олар: «ТМстрой21» ЖШС Күйдірілген қыш шығару зауыты (инвестициялық құны
520 млн.тг, жұмыс орны 60), «Коктал Групп» ЖШС Темір – бетон өндірісі зауыты (инвестициялық құны 249 млн.тг, жұмыс орны 50), «DARIA ГРУПП» ЖШС Тауарлық бетонның асфальтбетон қоспаларын, темір-бетон және бетон бұйымдарын өндіру зауытын құрылысы (инвестициялық құны 290 млн.тг, жұмыс орны 20), «Конус и К» ЖШС Темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны 200 млн.тг, жұмыс орны 20), «Aiya Trade» ЖШС Кірпіш өндірісі зауыты (инвестициялық құны 350 млн.тг, жұмыс орны 30), «Аламан М.К.» ЖШС Кірпіш өндірісі зауыты (инвестициялық құны 450 млн.тг, жаңа жұмыс орны 30), «АБН Альянс» ЖШС Пластикалық құрылыс бұйымдарын өндіру (инвестициялық құны 1395 млн.тг, жұмыс орны – 1000), «AIBI-I ЖШС Кірпіш зауытының құрылысы (инвестициялық құны 251 млн.тг, 70 жаңа жұмыс орны), «Стандарт Ресурс» ЖШС Көмір химия комбинатының өндірісі (инвестициялық құны 251 млн.тг, жұмыс орны 70) , «AYKAN АЙКАН» ЖШС Сүтті қайта өңдеу зауытын салу (инвестициялық құны 390,8 млн.тг, жұмысорны 30), «СПК Ырыс-2017» ЖШС Күріш өндірісі зауыты (инвестициялық құны 250 млн.тг, жұмыс орны 30), «СП Turkistan Textile» ЖШС Тігін цехының құрылысы (инвестициялық құны 420 млн. тг, жұмыс орны 1000).
Ал, өткен жылы 7,3 млрд. теңгені құрайтын, 475 жаңа жұмыс орнын құрумен 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олар: «Кашкынбаев» ЖК Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны – 227,4 млн.тг, жұмыс орны–30), «BOKEI» ЖШС Кірпіш зауытының құрылысы (инвестициялық құны 1 782 млн.тг, жұмыс орны 48), «Elit Story» ЖШС Тауарлық бетон және асфальтбетон қоспаларын өндіру зауытын салу (инвестициялық құны 270 млн.тг, жұмыс орны 30), «Tulpar May» ЖШС Тазартылған май өндіру цехын салу (инвестициялық құны 2152 млн.тг, жұмыс орны–50), «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі Гигиеналық материалдарды өндіру цехын салу (инвестициялық құны 810 млн.тг, жұмыс орны 60), «EKP-GROUP 878» ЖШС Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны 1041 млн.тг, жұмыс орны 48), «СпецСтрой» ЖШС Темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты (инвестициялық құны 1100 млн.тг, жұмыс орны 241).
Биыл 48 млрд. теңгені құрайтын, 696 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Атап айтар болсақ, олар: «Каратау Транс Сервис» ЖШС Битум өндіру зауытының құрылысы (инвестициялық құны 11 000 млн.тг, жұмыс орны 112), «Standart Petrolium » ЖШС (I-кезеңі) Мұнай өңдеу зауытының құрылысы (инвестициялық құны 24000млн.тг, жұмыс орны 200), «Tyrkistan Fruit» ЖШС 400 га алқапта бау-бақша шаруашылығы саласындағы көрсеткіш алаңын салу және ұйымдастыру, тікелей сығылатын шырындар өндірісін ұйымдастыра отырып, жеміс сақтау қоймасын салу (инвестициялық құны 8533 млн.тг, жұмыс орны 54) , «KAZPLAST» ЖШС Тігін цехының құрылысы (инвестициялық құны 550 млн.тг, жұмыс орны 150), «RZN» ЖШС Автоклавты қатқылдау кеуек бетоннан газоблок өндіру зауытын салу (инвестициялық құны 1500 млн.тг, жұмыс орны 80) , «Huayi International Cotton Co., Ltd» ЖШС Мақта талшығын өндіру жөніндегі мақта өңдеу зауытын салу және пайдалану (инвестициялық құны 2500 млн.тг, жұмыс орны 100).
Одан бөлек, 2023–2025 жылдар аралығында 266,6 млрд. теңгені құрайтын, 2212 жаңа жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуы жоспарланған.