gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

8 сентября, 2022
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орт алығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде Сарыағаш қаласы, «Көктөбе» және «Телемұнара» мөлтек аудандары тұрғындарының бірнеше жылдан бергі өзекті мәселесіне айналған көшелерге де асфальт жамылғысы төселуде.
Атап айтсақ, облыстық бюджет есебінен былтырғы жылы басталған Оразалы ата, Қызылорда, Телемұнара, Т.Оспанов, Жеңістің 45 жылдығы, Өндіріс, Шымкентбаев, Ақтөбе, Ортатөбе, Сарайшық, Арал, Қошқарбаев, Нұр көшелерінің жалпы ұзындығы 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар биыл Өркениет, Келешек, Асаубаев, Талас, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Ауезов, Қарқаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерінің жалпы ұзындығы 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал аудандық бюджет есебінен қала аумағындағы жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі едәуір артпақ.
Previous Post

Созақта жаңа нысандар ашылды

Next Post

Келестік оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz