gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Келестік оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды

8 сентября, 2022
in Білім, Жаңалықтар
0
Келестік оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназияның 9-сынып оқушылары Шалдыбаева Ұлмекен мен Аманбай Нұрсила қоқыс жинайтын робот құрастырды. Жас зерттеушілердің «Қоқыс жинайтын робот» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазу барысында оқушылар бұл саланың өзекті мәселелерін терең зерттеген.
Олардың осы тақырыптағы ғылыми ізденісі «Оқушылардың аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар» конкурсында жоғары бағаланды. Қыздардың ғылыми жетекшісі Аягөз Жораевнаның айтуы бойынша, ғылыми жобаның мақсаты — робот техникасының негіздерін, қолдану салаларын, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін зерттеу.
— Бүгінде роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Олар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларға еніп үлгерді, әсіресе өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады. Оқушылар жеке тәжірибе арқылы роботтың жұмыс жасау принциптерін бақылады. Жас зерттеушілер бұл жобамен бірнеше жылдан бері айналысып келеді,- дейді информатика пәнінің мұғалімі.
Жастардың жүргізген сауалнамасы бойынша көптеген балалар Lego конструкторымен ойнағанды ұнатады. Жас зерттеушілер болашақта компьютерлік IT технологияларды меңгеру, программист мамандығын меңгергісі келеді.
Previous Post

Сарыағаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Next Post

Д.САТЫБАЛДЫ «Бөген» су қоймасына қатысты тапсырма берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz